Енді үш қызға қатысты сын айтпаймын - Ринат Зайытов

"Үш жүздің тағдырынан, үш қыздың тағдыры артық бор тұр". Енді Ринат Зайытов мұндай сындарды айтпай ма?

Нартай Аралбайұлының ютуб арнасында сұхбат берген белгілі айтыскер ақын енді мұндай сындарды айтпайтынын ашық айтты.

- Әзірге айтпаймын. Қызметтік этика деген бар. Бұл автоматты түрде келетін компромис. Олар маған "айтпайсың" деген жоқ. Өзіме-өзім шектеу қоятынымды іштей білдім, - деп жауап берді Зайытов.

"Саясатқа келіп жалмауыз болып кетем деп қорқпайсыз ба?" деп сұрақ қойған журналистің сөзіне "Болатыны болады, мен тәуекелге барып отырмын" деп жауап берді айтыскер.