Ұстаздық – ұлы құрмет
2021 ж. 15 ақпан
1051
0
Болатқан Қазыханұлы Заядан б.ғ.д., профессор 2015 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетінің деканы қызметіне тағайындалып еңбегін тығыз Қазақ ұлттық университетімен байланыстырды. Осы қызметте Б.К. Заядан ғылым саласында көптеген шәкірттеріне жол ашып берген ұстаз деп айтсақ артық болмас.
Ұстаз – таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.
Болатқан Қазыханұлы шәкірттерімен бірге «Ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінде пайдалану үшін микробалдырлар мен цианобактериялардың биомассалары негізінде пробиотикалық және антиоксиданттық қасиеттері бар жаңа биопрепараттар алу технологиясын әзірлеу» жобасының шеңберінде жетекшілік ете отырып, алғаш рет нан-тоқаш өнімдерін спирулина биомассасымен байыту бойынша жұмыстар жүргізді және нан-тоқаш өнімдері сапасының ең жақсы көрсеткіштерін қамтамасыз ететін цианобактериялардың оңтайлы концентрацияларын белгілеп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген және де нан-тоқаш өнімдерін микробалдырлардың биомассасымен байытудың «Спирулинамен байытылған нан» атты жаңа технологиясын әзірледі және СТ53281-1910-ГП-01-2013 мемлекеттік стандартын және №31116 «Спирулинамен байытылған нан-тоқаш өнімдерін өндіру тәсілі» 2015/0512.1. пайдалы модельге патентін алды. Осы зерттеулер тамақ өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында қолдану үшін микробалдырлар негізінде пробиотикалық және антиоксиданттық қасиеттері бар жаңа биологиялық өнімдер алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы экологиялық биотехнология бағытын белсенді дамытуда. Осы бағыттағы ғылыми зерттеулер қоршаған орта жағдайының биомониторингіне және микробалдырлар мен цианобактерияларды пайдалана отырып, ластанған орталардың биоремедиациясына арналған.
Б.Қ. Заядан АҚШ, ҚХР, Польша, Ресей, Чехия, Жапония және Ұлыбританияның ірі ғылыми орталықтарымен бірлескен зерттеулерін белсенді жүргізілуде. РҒА К.А. Тимирязев атындағы Өсімдіктер физиологиясы институтының жасушаішілік реттеудің молекулалық негіздері зертханасымен (Мәскеу) бірге, алғаш рет цианобактериялар штамдарының геномдары секвенирленді, липидтердің, май қышқылдарының және токсиндердің биосинтезін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізілді. Лондон Университеттік колледжінің (Ұлыбритания) құрылымдық және молекулалық биология зертханасымен бірлесіп мутагенез әдісімен микробалдырлардың жоғары өнімді штамдарын алу, олардың негізінде биодизель алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Сондай-ақ молекулалық биология және биотехнология институтының «Бионанотехнология» зертханасымен (Баку, Әзірбайжан) және Токио ғылым университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің зертханасымен (Tokyo University of Science, Токио, Жапония) бірлесіп фотосинтетикалық микроорганизмдер негізінде биосутегін алуға арналған зерттеулер жүргізілуде.
Медицина және тамақ өнеркәсібінде биопрепараттар алу үшін микробалдырларды жаппай өсіру саласында Чехия мен Польшаның альголог ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Атап айтқанда, Чехия ғылым академиясының микробиология институты, «Algatech» орталығының балдырлар биотехнологиясы зертханасының меңгерушісі, профессор Жири Копескиймен ынтымақтастық аясында бірнеше - PhD докторлық жұмыстарға жетекшілік етті (А.Карабекова, К. Болатхан).
Профессор Заядан Б.К. поляк альгологтарымен белсенді жұмыс жасайды. Поляк альгологтары қауымдастығының мүшесі бола отырып, Адам Мацкеевич атындағы университеттің (Познань қ., Польша) ғалымдарымен ғылыми зерттеулер жүргізеді. Мысалы, профессор Миколай Кокосинскиймен бірге ауыр металдарға қатысты микробалдырлардың биоремедиациялық потенциалын зерттеу бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, 1 PhD доктор (М.Ө. Бауенова) дайындады. Сонымен қатар, Б.К. Заядан Қытай және Түркия ғалымдарымен халықаралық байланыс орнатып, жұмыс
жасауда. Профессор Маммадов Рамазанмен бірге (Памуккале университеті, Денизли, Түркия) жыл сайын өтетін Евроазияның биоалуантүрлілігі халықаралық конференциясын ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ, Карадениз техникалық университетінің биология кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, профессор Зихни Демирбакпен микроорганизмдердің молекулалық биологиясы саласында бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізеді. ҚХР-мен халықаралық байланыстары, профессорлар Гофур Миджит пен Еркин Рахман (Шыңжаң мемлекеттік университеті) және Zhiyong Huang және Lei Zhao (ҚХР ғылым академиясы, Тянзцан өнеркәсіптік биотехнология институты (ТБИ)) сияқты профессорлардың есімдерімен байланысты. Қазіргі таңда олармен, ANSO бойынша «Isolation and identification of new extremophile microorganisms for obtaining bioactive compounds and promising biotechnological products» атты бірлескен жоба дайындалуда.Сондай-ақ Тянзцан өнеркәсіптік биотехнология институты негізінде докторанттар мен постдокторанттарды даярлау бойынша ынтымақтастық жүргізілуде, сонымен қатар ғылыми қызметкерлер мен докторанттармен алмасу бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Б. К. Заядан Марва Салех (Египет, 2012- 2015) және Хума Балоуч (Пәкістан, 2018-2021) сияқты шетелдік зерттеушілерге жетекшілік етті және қазіргі уақытта PhD докторлық диссертацияларының жетекшісі болып табылады. Бүгінгі күні академик Б.К. Заядан COMSATS және ANSO-ға мүше елдердің ғалымдарымен халықаралық байланыстарды дамытуда. Ол 2019 жылы Тунистің биотехнология орталығына барып, Монастир университетінің президенті, профессор Hedi Bel Hadj Salan, Тунис биотехнология орталығының директоры доктор Mohamed Ben Amor-мен және араб аймағының үйлестірушісі TYAN Dr. Jalila Ben Salah-ABBES-пен кездесті. Кездесуде қазіргі заманғы биотехнология бағыты бойынша бірлескен ғылыми жұмыстың болашақ перспективалары талқыланды. Қазіргі уақытта COMSATS және ANSO мүше - ғалымдарымен бірлескен бірнеше ғылыми жобалар дайындалды.
Болатхан Қазыханұлының ғылыми-педагогикалық қызметі қазіргі уақытта ол алыс және жақын шетелдерде және Қазақстанда 20-ға жуық патенттер мен 400-ге жуық публикациялар, оның ішінде 15 кітап пен 5 монографияның және International Journal of Hydrogen Energy, Journal of Biotechnology, Genome Announcements, FEMS Microbiology Letters, Photosynthesis Research, Russian journal of Plant physiology, Microbiology, Applied Microbiology and Biotechnology, Renewable and Sustainable Energy Reviews сияқты халықаралық, жоғары рейтингті журналдарда жарияланған 90-нен астам мақалалардың авторы.
Қазіргі ҚазҰУ биология факультетінің биотехнология кафедрасының және Қазақстандағы фотобиотехнология бағытының заманауи жағдайы, негізінен профессор Заядан Болатхан Қазыханұлының еңбектері және зерттеулерімен алдын-ала айқындалған деп толық негізбен айтуға болады.
Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының оқытушылары б.ғ.к., доцент Аблайханова Н.Т., б.ғ.к. Жапарқұлова Н.И., аға оқытушы Иманалиева М.Т.