Министр жемқорлықты бірдей киім мен шен беріп жеңбек
2021 ж. 10 ақпан
2023
2
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін Үкімет отырысына қатысып, Мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлеріне шен беріп, жалақысын өсіру туралы ұсыныс айтыпты. Дәлірек айтсақ, арнайы шен беріліп, базалық жалақыға үстеме қосылып, біріңғай форма (киім) берілетінін мәлімдеген, - деп хабарлайды abai.kz.
«СЖҚІҚ агенттігі мен «Адалдық Алаңы» кеңсесі мәліметінде айтылғандай, мемкіріс органдары қызметкеткерлерінің жалақысының төмендігі мен әлеуметтік қорғалмағаны және қызметінің жауапкершілігі жоғары болуынан жемқорлық тәуекеліне тап болып отыр», - депті министр Жамаубаев.
Ал мұның шешімі ретінде жоғарыдағы біріңғай форма енгізу мен үстеме жалақы төлеуді айтыпты.
«Осыған байланысты олардың базалық жалақысына үстеме қосып, бірыңғай формал мен класстық шен енгізу ұсынылуда. Бұл өз кезегінде ілікті кадрларды сақтап, жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін көтеруге септігін тигізеді», - депті Жамаубаев.
Осылайша, министр аталған саладағы жемқорлықты жоюдың жолы – біріңғай форма мен үстеме жалақы және класстық шен беру екенін айтыпты. Министрдің бұл айтқандарын елдегі ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр.