Тоқаев Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан деп өзгерту туралы шешімді қолдады

2
2736

Тоқаев Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан деп өзгерту туралы шешімді қолдады.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «Ақ жол»  партиясының төрағасы Азат Перуашев телеграм каналында жазды,  деп хабарлайды «Қазақ үні».

– Қалың қазақ Елі, сүйінші!
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан етіп өзгертілуін қолдады.
Қала ауданы атауының өзгертілуі бекітілген арнайы процедураға негізделген. Қоғамдық тыңдаулардың өтуі, қала мәслихаты депутаттарының дауыс беруі және ономастикалық комиссияның арнайы жұмыстарының жүргізілуін қажет ететін күрделі және уақыт талап ететін іс екені барлығымызға белгілі. Өз уақытымен өтетін жұмыс, бастама болса жарияланды, негізгі бағыт белгіленді.
Бүгін бұл тарихи маңызы бар жаңалықты, облыс әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек мырза «Ақ жол» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Абильдин Ермек Төлеуұлына өзінің жеке қабылдауында хабарлады.
Қарағанды қаласының белсенді азаматтарының жылдар бұрын көтеріп жүрген маңызды мәселесі ақырында оң шешімін тауып, Президентіміз Қ.К.Тоқаев мырза бұл шешімді қолдапты!

Алаш қайраткері, ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхан атамызға лайық ұлы сый, үлкен құрмет! Октябрь ауданы деген, коммунистік жүйенің атының орнына Алаш Орда қайраткерінің есімінің дәл қазір берілуінде үлкен мән – мағына жатыр. Бұл соңғы кездегі Егеменділігімізге, мемлекет тұрақтылығына қарсы кейбір сыртқы және ішкі күштерге уақытында берілген жауап. Мемлекетіміздің ұлттық мүддеге негізделген жаңа ішкі және сыртқы саясат жүргізе бастағанының дәлелі.
Тәуелсіз еліміз, Қазақстан Республикамыз мәңгі жасасын!!!-  деп жазды А. Перуашев.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Осы әңгіме қозғағалы кем дегенде екі жыл болды. Алаш арыстарының есімін жаңғыртуға бүгінгі ұрпақ міндетті. Ұсыныстар талай рет айтылды. Баяғыда шешіп тастайтын нәрсені осы күнге дейін созып келеді. Халықтың үнін естуден қалған биліктегілерге құлағына айқайлап айту керек шығар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз