Қасым-Жомарт Tоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі

0
962

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толған мерейтой Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Tоқаев Тwitter-дегі парақшасында жазды.

«Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той» делінген хабарламада.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз