Құлбек Ергөбек: Мемлекеттік тілді білмегенге мемлекеттік қызметте орын жоқ!

5
2517

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Исаға!

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдап, мемлекеттік тіл мәртебесін жеке дара анықтауды талап еткен болатын.

Осыған байланысты белгілі ғалым, сыншы, филология ғылымы докторы, профессор, қоғам қайраткері Құлбек Ергөбек Қазыбек Исаның парламенттегі Ел аманатын орындап, Тілдің хақын сұрауына қолдау көрсетті.

***

Аяулы Ана тіліміз үшін жан алып, жан беріп, күресіп келесің. Шешімсіз билікті түсінбеймін!

Ана тілі – мемлекеттік тіл! Мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің басты бір атрибуты! Егемендік отыз жылда мемлекеттік басты атрибутымыз – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биіктете алмай, мемлекеттік механизмнің бар саласына аялай, аямай ұстарта жұмсай алмай отырса – мемлекеттігімізге сын! Қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде заңдастыруын заңдастырып алып, мемлекеттік тілге мемлекеттік жұмыс бере алмай, заңды мәртебені, заңсыз аяқасты етіп отырған билік сатыларын аяусыз әшкерелеп, Қазақстан Республикасына жасалып отырған қастандық деп білуге тиіспіз. Кім мемлекеттік тілді білмейді, кім мемлекеттік тілде халыққа қызмет ете алмайды,оған мемлекеттік қызметте, тіпті қазақ қоғамында орын болмауға тиісті! Қазақ тілін білмейтін азамат қазақтың мемлекет құрушы ұлт екенін мойындамайды деген сөз. Ондай адам “көзқаман” (Р.Бердібай) саналып, қоғам өмірінен шеттетілуге тиісті.

Қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде қорғайтын, қолдайтын арнайы заң керек! Өлі заң емес, тірі заң!

Онсыз мемлекеттілігіміз нәркүмән! Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл! Мемлекеттітіліктің басты атрибуты жұмыс істемесе, тілде бар да, ділде жоқ болса, онда біз тәуелсіз мемлекетпіз деуге бола ма?! Болмайды!

“Сүйемін Анам тілін -туғантілім, Бесікте жатқанымда берген білім!” (Сұлтанмахмұт). Ана тілі үшін күресіңе темір тегеурін тілеймін! Ана тілі – арымыз! Ана тілі-барымыз(мемлекеттілігіміз)! Барымыз (мемлекеттілігіміз) баянды болсын десек, Ана тіліміз үшін күрестің барша түріне дайын болуымыз керек! Біз қасыңдамыз. Алға, Қазыбек! Сен отбасыңды асырау үшін сайланған жоқсың депутат болып, қазақ елінің мемлекеттігін қорғау үшін қасық қаның қалғанша күресуің үшін сайландың! Сол жолда шаһит кетсең де арман болмау керек Сенде!

Түркістандық Құлбек Ергөбек, 

08.02.2021

5 ПІКІРЛЕР

  1. Тілім менің жүрегім,жүрегім тоқтаса өлетінім сияқты,тіліміз тоқтаса жойылғанымыз.

  2. Сағындық Жалаң ұран емес, нақты шара-жоспар керек Тілді үйретуді бала жастан бастау керек Ол үшін бүкіл мемлекеттік бала-бақшаларды қазақша қылу бұл бір Екінші бастауыш сыныптарды да, 1-4 таза қазақша оқыту керек Міне сонда ғана бір нәтиже болады!

  3. Көрші өзбек, қырғыз, тәжіктер ана тілін толыққанды қолданысқа енгізе алмай жүрген біздерге алды-артын ашып күліп жүр. Қазақ тілі дегенде көтінен кейін кететін билікте отырғандарда аз да болса намыс бар ма? Ау, биліктегі сорлылар, сендер де қазақтан туған жоқсыңдар ма? Кішкене ойланбайсыңдар ма?

  4. Кереметсізғой, Құлбек Ергөбек аға!!! «Мемлекеттік тілді білмегенге мемлекеттік қызметте орын жоқ!» – әне текті, өз елінде өзін шынайы мемл. құрушы ұлт ретінде көретін қазақтың барлығының ашу-ызасын тудырып жатыр мемлекеттің қызметкерлердің тарабындағы бұл сатқындық!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз