«Іс-қағаздарын қазақша жүргізгенім үшін жұмыстан қуылдым» - дәрігер
2021 ж. 04 ақпан
1636
0
Белгілі дәрігер Ғабит Нұрханұлы өзінің заңсыз жұмыстан шығарылып жатқанын айтып мәлімдеме жасады. Нұрханұлының айтуынша, өзінің жұмыссыз қалуына күнделікті дәрігерлік есеп-қисаптар мен іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізуі себеп болған. Бұған қарсы болған бас дәрігер білікті маман екеніне қарамастан Ғабит Нұрханұлын ешбір ескертусіз жұмыстан шығарып жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дәрігер жұмыстан шығып қалғанын өзгелерден естіп білген.
«-Бұл айдың графигінде неге жоқпын ?
-Сені графигке қоймаймыз, енді бізде жұмыс жасамайсын.
-Неге?
-Әкімшілік солай шешті.
-Себеп бар ма ? Жұмыстан ескертпе не басқа қателіктер болды ма ?
-Себеп жоқ, біз солай шештік. Ротация жасаймыз.
-Бұрын осылай ротация жасап қайтып келген адам бар ма ?
-Жоқ.
-Қандай принциппен ротация жасалды? Стажға қарап, категорияға қарап? Неге именно мен? Еңбек туралы заңда ротация түсінік бар ма? Қандай нұсқаулықпен ротация жасалады? Жалпы ротация дегеніміз орын ауыстыру, маған тура осындай жұмыс тауып бересіз бе?
-Сеннің жұмыс істегеніне біраз болды.
-Менің жұмыс істененіме 5 ай болды, мұнда 7-8 істеп жүргендер, жұмыс өтілі менен де төмендер бар.
– ???
– Неге ең болмаса бір апта бұрын айтпайсыздар, мен басқа жұмыс іздейтін, кәзір ай бітіп жаңа ай басталды. Көбісі график қойып қойды, жұмысқа ешкім алмайды.
– Кәзір дәрігерлер жетіспейді, жұмыс тауып аларсың.
Осылай бір мезетте жұмыссыз қалдым. Әкімшілік деп отырғаны Цечоева Т.А мен орынбасары Калина В.О. Олармен алдын теміржол ауруханасында бірге жұмыс жасағам. Цечоева Т.А бұрыннан ұлтшылдығымен белгілі.
Оларға ұнамау себебім мен теміржол ауруханасына келгенде ол бас дәрігер болған, дәрігерлік есеп тек орыс тілінде берілген, 70-80% қазақтар, бәрі орысша есеп береді. Сосын мен алдымен қазақша, артынан орысша есеп беріп жүрдім, менен кейін тағы бір екі дәрігер қазақша есеп бере бастады. Цечоева Т.А бір күні маған қазақша есеп беруді тыйым салып тастады. Содан оған жау бола бастадым. Мен қыркүйекте келсем, ол қазан айында бізге басшы болып келді. Ол келісімен өзінің командасымен келіп барлық жерге өз адамдарын қойып, бәрімізді қысқартып, қыса бастады. Калина В.О институты кеше бітірген жігіт, Чечоеваға туысқан болып келеді, өкпе жүрек қан тамыр ауруларын емдеуде, басшылық қызметте ешқандай тәжірибесі жоқ, жүрген жерінде соны көтеріп жүреді. Соны бас дәрігері орынбасары қылып тағайындады, Калина В.О 2018 жылы Қазақстаннан Ресейге көшіп кетпек болып құжат тапсырып дипломы жарамаған соң амал жоқ қалған. Екеуі жабылып мені қыса бастады.
Қабылдау бөлімінде көп жылдар пульмонолог инфекционист болып жұмыс істеген қазақ қыздарды жылатып жүріп жұмыстан шығартып, орнына Калинанын әйеліне инфекционист деген құжат жасатып отырғызып қойды. Реанимацияның аға медбикесімен бірігіп медбикерді ауыстыра бастады. Кезектен тыс аттестация дегенді ойлап тауып, өтпегендерді жұмыстан босатып отырды. Заң бойынша емдеу мекемесінің аттестация өткізуге құқығы жоқ, ол үшін арнайы мекеме аттестациядан өткен мамандар ғана яғни медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау орталығының ғана құзыры бар. Олар Астананың ортасында отырып кадрлық коррупцияның орталығы болатын Шымкенттен асып түсетін схема ойлап тауып ойларын жүзеге асырып отыр. Бұлар жұмысқа қабылданғанда «уақытша» деп жаздырып алып барлығына біз сендерді жұмысқа уақытша алғанбыз, енді керек емессің деп аурухананы әкелері салып бергендей, ұнамаған адамдарын себепсіз жұмыстан шығарып басқарып отыр.
Иә ол жерде «уақытша» термин бар. Бірақ ол «уақытша» тек аурухана қызметіне байланысты екенің яғни коронавирус бітіп аурухана жұмыс тоқтағанға дейін, ал басқа уақытта аурухана ҚР барлық заңына бағынатына жұмысы жоқ. Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартады демекші корановируске қарсы күресте медиктерге бөлінген қаржыны барынша өз таныстарына таратумен айналысып жатыр.
Жалпы әділдік жоқ екен. Менің орныма орыс жігітін алыпты. Енді жұмыс табылса басқа қалада болармын, табылмаса шетелге кетермін», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.