Көкшетауда жұрт көшеге шықты. Әкімдік түсініктеме берді
2021 ж. 26 қаңтар
1732
0
25 қаңтарда әлеуметтік желілерде Көкшетауда қарақұрым адамның жиналған суреттері жарияланды. Желі қолданушылары" бұл жерде не болып жатыр" деп өз таңданыстарын білдірді. Ақмола облысының әкімдігі оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көкшетауда сағат 11:00 шамасында Ақмола облысының тұрғындары Тәуелсіздік алаңына жиналды (негізінен Зеренді ауданы, Көкшетау маңында орналасқан ауылдардан). Олар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау шарттарына қанағаттанбайтындары туралы видео үндеу түсірмек болған.
Көрсетілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің бастығы, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары және құқық қорғау органдарының жетекші звеносы жиынға қатысты, деп хабарлады әкімдіктегілер.
Жиналған жұртқа тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заң жобасын пысықтау ұсынылғандығы айтылды. Қазақстан Республикасының Президенті бұл заң жобасын әзірлеу кезінде барлық пікірлерді ескеру қажет екенін айтқаны жеткізілді. Вакцинацияға келетін болсақ, бұл мәселеде әрбір қазақстандықтың өз таңдауы бар екені де айтылды. Жиналған қауым осы түсіндіру жұмысынан кейін үй-үйлеріне тарады.