Анаға тағзым
2021 ж. 24 қаңтар
3818
0
1961 жыл 23 қаңтар түнгі сағат 23:00 шамасы! Өзбек ССР-нің елден алыс орналасқан бір құдықтың басында қой бағып отырған шопанның үйі. Қой үкіметтікі бір отар, саны 1000-ға жауық.
Қойшының жер төлесі (жертөле – жерді ойып қазған размері 2м х 2м болуы керек тереңдігі 1,5 метрдей. Төбесі қамыспен жабылған, сырттан ішке жерден қазып жасалған текпешекпен кіреді) және бір киіз үйі бар.
Қойшының әкесі, інісі және бір тәжік көмекшісі, тағы да әйелі үш баласы бар. Мінекей осы адамдардың барлығы жоғарыда жазылған киіз үй мен жер төледе өмір сүреді. Қойшының қойдан басқа бір түйе, бір аты бар олда үкіметтікі.
Басында жазылғандай түнгі 23:00 шамасында Апамның, - «Төре тұр, тұр» - деген сөзінен көзімді уқалап әрең ашып. (Анам менің атымды атамайтын, себебі мен кемпір шалдың баласы болатынмын). Анамның – «Төре тез барып Атаңды шақырып келеғой» - Мен тұрып жертөледен шығып есіктің алдындағы киіз үйден Атамды оятып «Апам шақырып жатыр» - деп ертіп келдім. Атам кірген кезде Апам бірдеңе айтып мен ол кезде оны түсінбеймін. Көрпеге тығылып жата бергенімде Атам дауыстап бірдеңе айтты. Мен ұйықтап кеттім. Бір уақытта шар еткен шақалақтың даусынан оянып кеттім. Апам маған, - «Төре тез барып көкеңді шақырып кел» - деді. Мен жүріп барып әкемді киіз үйден шақырып келдім, қайтып ұйықтап кеттім.
Күнде Апаммен бірге мен, інім Шералхан, қарындасым Әзиза үшеуміз жатушы едік, таңертең тұрсам төртінші болып бір шақалақ жатыр. Яғни 24 қаңтар 1961 жыл дүниеге адам келді.
Ең қызығы Апам күнделікті әдетімен ерте тұрып жер төленің пешінің отын жаққан жып жылы. Үлен кісілер малмен әлек, апам олардың көрпе төсегін жинап, пешін жағып, асын әзірлеп жүр. Түнде ешнарсе болмағандай, өзгерген 1-ақ нәрсе, Апамыз бізге қарағанда шақалаққа көбірек көңіл бөліп соны бізден жақсырақ көретін сияқты, біз қызғанатын сияқтымыз.
Енді мынаған көңіл аударыңыз
Ислам 25 желтоқсан 1955 ж. – 5 жас 1 ай
Шералхан 24 қазан 1957 ж. - 3 жас 3 ай
Әзиза 13 наурыз 1959 ж. – 1 жас 10 ай
Ералхан 24 қаңтар 1961 ж. – 0 жас.
Бәріміздің арамыз 2 жастың айналасында.
Жоғарыда айтылған уақиға сурет болып есімде қалып қойған.
Апамыз 10 перзент дүниеге әкеліп соның 8-ін аман-есен өсірді. Бірде бір баласын перзентханаға барып босанған емес. Босанар кезінде толғақ келген кезде әйелдердің біреуі Атамның шапанын киіп, Атамның айтатын дұғасын оқып Апамды үш рет айналатын (Апам дұғаны жаттап алған, Атам 1963 жылы дүние салған болатын) көп өтпей нәресте дүниеге келетін.
Олар:
Сұлушаш – 9 қазан 1963 жыл.
Нұралы – 7 шілде 1967 жыл.
Гүлзабира – 30 қараша 1969 жыл.
Қаныбек – 21 желтоқсан 1972 жыл.
Әрине 1962 жылы Әкеміз Қазақстанға көшіп келіп өзінің зоотехник мамандығымен жұмыс істей бастады. Бірақ тұрмыстық жағдай жақсы бола қойды деп айта алмаймын.
Анамыздың өте ауыр, қиын-қыстау тұрмыстық жағдайда жүріп 10 баланы өмірге әкелуі олардың 8-ін аман-есен өсіріп ер жеткізуі айтып жеткізе алмайтын ерлік. Мен бір ғана эпизодты айттым. Бәріміздің дүниеге келуіміз ұқсас жағдай болса керек деп ойлаймын.
Көп адам айтады ол кезде экология таза еді, стресс аз еді тағы сол сияқты. Мен мүлдем олай деп ойламаймын экология бұзылып кетті дейтіндей, біз Қытайда, немесе Бангокта емеспіз. Ал стресске келсеңіз, стресс жетіспеушіліктен тіршіліктегі қиыншылықтардан туатын болса онда біздің аналарымызда күнінде 100 стресстен болған шығар.
Анамыздың шексіз ерлігінің қайнар көзі өмірге деген құштарлық, перзентке деген терең аналық махаббат болса керек деп ойлаймын!!!
Өсе келе Анамызбен көп сырласатынбыз. Анамыз әр қайсымызды ерекше жақсы көретін, ерекше мейірімін төгетін. Ол мейірімді жеткізіп төгетін. Ол мейірімді жеткізіп жаза да алмаймын, айта да алмаймын. Ондай мейірімді қайтып ешкімнен көре алғанда, сезе алғанда жоқпын.
Бар перзентіне үлкен үміт артатын. Өскенде барлығың елге белгілі азамат болсаңдар, әкелерің екеуміздің атымызды сендер шығарыңдар, сендердің бәріңнің 2-қабат үйлерің болады, бірнешеден машиналарың болады, көп ұл-қыздарың болады мен сендердің араларыңда жүремін деп қиялға беріліп отыратын.
Ол кезде біз жаспыз, барлығына ертегідей елігіп отыратынбыз. Анамыздың барлық арманы орындалды, айтқанының барлығы тұп-тура келді.
Тек 1-ақ нәрсе орындалмады: ол оны көре алмай кетті. Небәрі 53 жасында өмірден өтті! Өмірдің барлық азабын тартып рахатын көре алмай кетті. Өте өкінішті!!!
1961 жыл 24 қаңтарда жертөледе дүниеге келген шақалақ бүгін 60-қа келген жігіт ағасы!!!
Анасының жүрегіне ең көп жақсылық силап үлгерген Ералхан болса керек. Себебі мектептегі кезінен бастап өте жақсы оқыды, әрине бәрімізде жақсы оқыдық, Ералханның артықшылығы таланттылығы болды. Біз Шералхан ініміз екеуміз күнде қара жұмысқа жегіліп су тасып, отын жару, малға қараумен айналыстық. Ерекең концерттерде жүреді, одан қалса Апам мен Көкем қонаққа барғанда мақтанғысы келсе Ералханды алып кетеді. Кейін өскен кезде сөзсіз көп қуаныш, мақтаныш сыйлай алды.
Ералхан өнеріңмен біздің бәрімізді де қуаныш, мақтаныш сыйлап келе жатсың. Воляны былай қойғанда түрмедеде сіз Ералхан Әбішевтің ағасы емессізбе? - дейді. Өзіңнің творчестваңмен Анамыздың еңбегін, әкеміздің еңбегін толығымен ақтадың деп айта аламын.
Барлық бауырларыңды Ералхан Әбішевтің ағасы, інісі, әпкесі, қарындасы деп елге таныттың.
Қанатың талмасын! 60 - тал түс. Ақылдың толық кемелденген кезі. Сенің берерің әле көп! Ылайым солай болғай.
Ерәштің ағасы Ісләм!!!
20.01.2021