Ақын Қазыбек Иса – Мәжіліс депутаты

Бүгін «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық кеңесінің пленумы өтіп, онда депутаттар мандаты бөлінді. Партия атынан депутат мандатына ие болғандар ішінде әріптесіміз, белгілі ақын, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты,«Парасат»,«Құрмет» ордендерінің иегері Қазыбек Иса да бар. Аталған партия пленумының шешімімен Азат Перуашев, Азамат Әбілдаев, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаев, Дәния Еспаева, Айгүл Жұмабаева, Қазыбек Иса, Андрей Линник, Ерлік Өмірғали, Мақсат Раманқұлов, Азат Сембинов Мәжіліс депутаты мандатына ие болды. Естеріңізге сала кетсек, ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына – 10 мандат.