Ақын Қазыбек Иса – Мәжіліс депутаты

4
1064

Бүгін «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық кеңесінің пленумы өтіп, онда депутаттар мандаты бөлінді.

Партия атынан депутат мандатына ие болғандар ішінде әріптесіміз, белгілі ақын, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты,«Парасат»,«Құрмет» ордендерінің иегері Қазыбек Иса да бар. Аталған партия пленумының шешімімен Азат Перуашев, Азамат Әбілдаев, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаев, Дәния Еспаева, Айгүл Жұмабаева, Қазыбек Иса, Андрей Линник, Ерлік Өмірғали, Мақсат Раманқұлов, Азат Сембинов Мәжіліс депутаты мандатына ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына – 10 мандат.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Қазыбек аға нағыз қоғам қайраткері.Шерхан ағамыздай,қарапайым халық үшін отқада суғада түсетін осы ағамыз болады осы парламентте.
    Басқа елдердей төңкеріс жасап елдің астан-кестенін шығармай-ақ ,қарапайым халықтың жəй-күйін ,мұңын білетін,соны жоғарғы мінбелерде айта білетін, сөзін өткізе білетін осындай нағыз азаматтар парламентте көп болса дейміз.Халық -ол қарабайыр топ емес,кімнің кім екенін бір ауыз сөзінен-ақ байқап қалады.Халық ашуға мінсе жолындағының бəрін жайпап өтетін соқыр-мылқау алапат күш -деп бір кемеңгер айтып кетіпті.Кешегі бір видео Ағамыздың қайраткерлігіне ешқандайда селкеу түсіре алмайды.Сірə ,қазақша газет-журнал оқымайтын,қазіргі қоғамдағы қайраткерлерімізді білмейтін,білседе аяқтан шалуды ғана ойлаған адамның ісі деп білеміз.

  2. Маскунем адамда аброй, намыс деген болмайды, ондай адам Аллахтын каргысына ушыраган болады

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз