Семейде әйел адам үш миллион теңгесін автобуста ұмыт қалдырды

Полицейлер семейлік тұрғынның жоғалған ақшасын қайтаруға көмектесті. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Семейде «102» желісіне 38 жастағы әйел хабарласып, ақшасының жоғалғанын айтқан. Ол 3 миллион теңге салынған сөмкесін автобуста ұмытып кеткен екен.

Полицейлер жедел басқару орталығы арқылы дереу автобусты анықтап, жарты сағаттың ішінде орталық көшелердің бірінде қоғамдық көлікті тоқтатты. Ақша өз иесіне қайтарылды.