Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы зақымданған адамды аман алып қалды
2021 ж. 12 қаңтар
1174
0
Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы зақымданған адамды аман алып қалды. Елордадан келген 70 жастағы әжей ауыр халде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өкпесі қабынған науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Компьютерлік томография нәтижесінде кейуананың өкпесінің 90 пайызы қабынғаны анықталған. Бұған қоса науқастың дене қызуы көтеріліп кеткен. Білікті мамандар жүргізген емнің нәтижесінде егде жастағы астаналық тұрғынның денсаулығы жақсарып, ауруханадан шықты.
«Көрсетілген емдік шаралардан кейін науқастың дене қызуы түсті. Денсаулық жағдайының динамикасы түзеліп, анализдері бір қалыпқа келді. Тыныс алуы да жақсарды», – дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығының дәрігер-реаниматологы Еркінбек Нұртаев.