Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді

0
100
Фото: М. Холдорбеков, baq.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді.

Бұл туралы «Қазақ үні» хабарлайды.

Дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық және шетелдік БАҚ жиналған брифингте сөз сөйледі.

«Реформалар дайындалып жатыр. Реформалар тоқтап қалмауы тиіс. 15 қаңтарда Парламентте сөз сөйлеп, оның ішінде Мәжілістің жаңа құрамына да үндеу жасаймын. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп, онда реформалар мәселесіне қатысты өте байыпты әңгіме болады», – деді бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз