«ЖЫЛ АДАМЫ – 2020» АНЫҚТАЛДЫ

«ҚАЗАҚ ҮНІ» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының «ЖЫЛ АДАМЫ – 2020» таңдаулылары анықталды!

«Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының 2020 жылғы «Жыл адамдары» сараланды. Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларын атап өту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осынау жоба аясында оқырмандар қалаған тұлғасын таңдай алды. Дауыс беру телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы өткізілді. Арнайы құрылған Сарапшылар алқасы 2020 жылдың үздіктерін анықтады. Абайдың 175 жылдық мерейтойы мен Қазақ Республикасының 100 жылдығына және де «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 20 жылдығына орай таңдалған «Жыл адамы – 2020» байқауының жеңімпаздарымен таныс болыңыздар!

Жылдың басты оқиғасыҚордайдағы қақтығыс. 2020 жылғы 7 ақпанда Қазақстанның оңтүстігінде, Жамбыл облысының Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында қақтығыс орын алды. Биліктің байламынша, оған тұрмыстық шиеленіс себеп болған. Қақтығыс салдарынан 11 адам қаза тапты, тағы 185 адам медициналық көмекке жүгінді. Википедия дереккөзі бойынша, 23 мыңнан астам тұрғын, негізінен дүнгендер, көрші Қырғызстанға қашты. Қазақстанда қалған бірнеше мың дүнген мешіттерде, шекаралық завставаларда бас сауғалады. Жалпы саны 778 жергілікті отбасы зардап шекті. Жанжалдан соң 120-дан астам қылмыстық іс қозғалып, 59 адамға айып тағылған.

Жыл датасы – Әбунасыр әл Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы және Абайдың 175 жылдығы.

Жыл жетістігі – Жиналыс бостандығының енгізілуі. 2020 жылғы 25 мамырда ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңына қол қойды. Жаңа заң митинг, шеру, пикет және басқа да наразылық шараларын өткізуді жеңілдетті. Енді жергілікті әкімдіктен рұқсат алудың қажеті жоқ, тек қай күні өтетіні және қанша адам қатысатыны туралы дер кезінде хабарлама жіберсе болғаны.

Тынымбай Нұрмағамбетов. Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс | Әдебиет порталы

Жыл жазушысыТынымбай Нұрмағамбетов. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін 2020 жылы

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Тынымбай ағамыз Мемлекеттік сыйлыққа іріктеудің екінші кезеңінде "құлап қалғанда" ақын Қазыбек Исаның "Қазақ үні" порталындағы "Мемлекеттік сыйлыққа бір адам лайықты болса, ол көзі тірі классик Тынымбай Нұрмағамбетов еді" деп аттан салған мақаласы әлеуметтік желіде резонанс туғызған еді. Ел тілегін орындап, әділеттілікті орнатқан ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа алғысымыз зор.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: «Халтура» қара құрттай қаптап барады | "Айқын" газеті

Жыл ақыныСерік Ақсұңқарұлы. Белгілі ақын Серік Ақсұңқар «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін 2020 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Помощник Президента Республики Казахстан Карин Ерлан Тынымбаевич — Официальный сайт Президента Республики Казахстан

Жыл саясаткеріЕрлан Қарин. Есімі елге белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин биылғы жылдың жазында ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Жауапкершілігі зор осы қызметте ол «төтенше режимде» көптеген істер атқарды. Ерлан Қарин бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы ретінде ҰКСК ұсыныстарының іске асуы жолында көп күш салуда. Ұлттық кеңес мүшелері биыл бір жылда 13 министрмен кездесіп, есептерін тыңдап, көптеген құнды ұсыныстар берді. Ұлттық кеңестің ұсынысымен 9 заң қабылданды. Ерлан Қарин әрі терроризм бойынша сарапшы. Биылғы жылы Ерлан Қариннің «Жусан операциясы»: Сириядан кім және не үшін оралды?» атты кітабы жарыққа шықты. Ол тек сарапшы ғана емес, осы операцияның қатысушысы.

Жыл қайраткеріИслам Әбіш. Ислам Әбішев белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. 2020 жылы ақпанның он сегізінде Әбішевке қатысты сот үкімі шыққан болатын. Ислам Әбішевтің ісі қоғамда үлкен наразылық тудырды. «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде осыған байланысты «ТРИЛЛИОН ҮНЕМДЕГЕНДЕР – ТҮРМЕДЕ, ҚУДАЛАҒАНДАР – МІНБЕДЕ…» атты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жарияланған болатын. Аталмыш хатқа 180 мыңнан астам адам қол қойған еді.

Әділхан Ержанов - биография и возраст - кинопортал Бродвей

Жыл режиссеріӘділхан Ержанов. Asia Pacific Screen Awards сыйлығына ұсынылған тұңғыш қазақстандық режиссер. Қазақстан кино сыншыларының пікірінше, оның «Черный, черный человек» фильмі ең үздік отандық туындылардың бірі.

Данияр Алшинов - биография и возраст - кинопортал Бродвей

Жыл актеріДанияр Алшынов. Ең үздік туындылардың бірі саналатын отандық «Черный, черный человек» фильмінде өзінің актерлік шеберлігін көрсетті. Осы фильмде ер адам рөлін шебер сомдаған ол «Сыншылардың таңдауы – 2020» сыйлығының иегері атанды.

Арғымақ-арман жетегінде – Астана Ақшамы

Жыл суретшісіСейсенхан Маханбетов. Биыл 60 жасқа толған Сейсенхан Махамбет өнімді еңбек етті. Еліміздің белгілі тұлғаларының портретін салып келеді. Сейсенханның "Ежелгі Түркістан" полотносы Түркістанда өткен "Түрленген Түркістан" атты фестивальдағы халықаралық көрменің Гран-приін жеңіп алды.

Аудио

Жыл сазгеріХамит Шаңғалиев. Қазақстандық жас әнші Ержан Максим 2019 жылы Польшада өткен балалар арасындағы Евровидение (Junior Eurovision) конкурсында 2-орын иеленді. Оның конкурста орындаған «Арманнан қалма» әнінің авторы Хамит Шаңғалиев. Хамит сондай-ақ, елімізге белгілі көптеген әндердің авторы әрі музыкалық продюсер. Сонымен қатар Х.Шаңғалиев жазған «Әке» әнімен биылғы жылы «Junior Eurovision-2020» байқауында жас әнші Қарақат Башанова жүлделі үшінші орынды иеленіп, еліміздің абыройын асырды. Қазақ атын әлемге танытқан сазгер «Жыл сазгері» атануға әбден лайық.

Димаш Кудайберген объяснил, почему не хочет участвовать в конкурсе «Евровидение» - Вокруг ТВ.

Жыл әншісіДимаш Құдайберген. Бұған дейін де «Қазақ үні» газетінің «Жыл әншісі» атанған Димаш Құдайберген биылғы жылы да оқырманның зор қолдауына ие болып отыр. "Планетаның ең жақсы дауысы" атанған Димаштың дауыстық диапазоны алты октаваны құрайды. Сонымен қатар ол жеті аспапта ойнайды және тоғыз тілде ән айтады. Қытайда ол Top Chinese Music Awards нұсқасы бойынша Азиядағы ең танымал әнші, MTV нұсқасы бойынша ең жақсы шетелдік әнші.

ДҮЙСЕНБИНОВ Берік Сәлімжанұлы

Жыл депутатыБерік Дүйсенбинов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Берік Дүйсенбинов биылғы жылы Парламент төрінде барша халықты толғандырған ең бір өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, оның оң шешімін табуына ықпал етіп келе жатқан халық қалаулысы. Атап айтқанда, оның ҚР премьер-министрінің орынбасары Е.Тоғжановқа ұлы ашарылшылыққа біздің халқымызға жасалған геноцид фактісі ретінде құқықтық баға беру қажеттігін айтқан депутаттық сауалы резонанс тудырып, ел қолдауына ие болған-ды.

Мұрат Бақтиярұлы: Біз тәрбиесіз «мәдениетті» көбірек қабылдадық

Жыл сенаторыМұрат Бақтиярұлы

Мұрат Бақтиярұлы сенат мінберінде көптеген өзекті мәселелерді қозғауымен көпшіліктің ықыласына бөленді. Атап айтсақ, Байқоңырдағы қазақ балаларының сапалы білім алуы, Арал теңізін ұлғайту, "Еңбек" бағдарламасына терең талдау жасау секілді мәселелері қоғам қолдауына ие болды. Сенатор мемлекеттік тіл мәселесін де назардан тыс қалдырмай, еліміздің әр азаматына қазақ тілін білуге міндеттейтін заң қабылдануын талап еткен болатын. Сонымен қатар, ол "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде жарияланған "КОНСТИТУЦИЯДАН 7-баптың 2-тармағын АЛЫП ТАСТАП, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК!" атты Ашық хатқа қолдау көрсетіп, өзгелерді де үн қосуға шақырған болатын.

Жыл министрлері - Нұрлан Ноғаев пен Аида Балаева

Энергетика министрі бола салысымен Нұрлан Асқарұлы министрліктің жұмысына зор қарқын қосты. Қарашығанақ кенішінен қазынаға қосымша 1,3 млрд. доллар қаражат құйылуына қол жеткізді. Шығыс Қазақстан облысында 2,1 миллион адамды көгілдір газбен қамтамасыз ету үшін Ресеймен келісім-шарт жасалды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева – Журналистер мүддесін қорғау жолында бірқатар нақты әрекеттер жасады. Атап айтқанда, БАҚ өкілдерінің кез келген ақпаратқа қол жетімділігі заңда анық жазылуы керектігін көтерген министр, журналистердің маслихат сессияларына қатысуына шектеу қоюға болмайтынын айтты. Сонымен қатар, азаматтық қоғамды дамыту мен мемлекеттік медиа ресурстарды оңтайландыру бағытында да сүбелі істер атқаруда. Сонымен қатар, шетелдік үздік анимациялық фильмдердің қазақ тіліне аударылуын қолға алды. Еске сала кетейік, анимациялық фильмдердің қазақ тіліне сапалы аударылу мәселесін Ұлттық Кеңестің отырысында белгілі ақын Қазыбек Иса көтерген болатын.

Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды | SN.kz - жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Жыл әкіміСерікбай Трұмов. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолында қарқынды қайрат көрсетіп келеді.

НАҒЫЗ МЕМЛЕКЕТШІЛ ӘКІМ – МАҢҒЫСТАУДЫҢ ӘКІМІ СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ. Маңғыстау облысы әкімінен Үкімет басшыларынан бастап, барлық министрлер, әкімдер, депутаттар, жалпы мемлекеттік қызметкерлер үлгі алуы керек!

Орталық коммуникация қызметінде есеп берген Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов асты да, үсті де асыл қазынаға толы киелі өлкенің бүгінгі жетістіктерімен таныстырып, тілшілердің барлық сұрақтарына қазақ тілінде нақты жауап берді. Әсіресе, орыс тілінде қойылған сауалдарға да Мемлекеттік тілде жауап бергені туралы «Қазақ үні» порталында жарық көрген «ӘКІМ Ресей тіліндегі сұрақтарға да МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРДІ!» атты мақаланы 20 мыңға жуық адам оқып, ең көп оқылған мақала болды. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл мақаланы Фейсбуктағы "Қазақ үні" парақшасында 115 мың адам оқыды.

АКАДЕМИК ГАЛЫМ МУТАНОВ: НАУКА И ОБРАЗОВАНИЕ - ОСНОВА НОВОЙ ЭКОНОМИКИ | Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Жыл ректорыҒалым-Қайыр Мұтанов. Ғалым-Қайыр Мұтанов басқаратын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2020 жылы QS жаһандық рейтингінде 165-ші орынға көтеріліп, керемет жаңалық жасады.

Елордалық ұстаз сыйақысының бір бөлігін ауыл мектебіне берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл ұстазыДинара Бейсембаева.

Динара Бейсембаева – Нұр-Сұлтандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі. Білікті маман «Қазақстан мұғалімі – 2020» ұлттық сыйлығын жеңіп алды. Экология магистрі, «Кеңейтілген эссе» жетекшісі. Ол ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы, дарынды балаларға арналған білім беру қажеттіліктерін бағдарламалардың әзірлеушілердің бірі. Жыл дәрігері – Қайырғали Көнеев. Қайырғали Көнеев – педиатр, КТ-диагностикасы, эпилептолог, медицина ғылымдарының кандидаты, отыздан астам ғылыми еңбектердің авторы, «Денсаулық сақтау ұйымдастыру» атты екі монографияның тең авторы, қоғам қайраткері. Биылғы жылы пандемиямен күрес кезінде өлшеусіз еңбек еткен ақ халатты абзал жан. Жыл ғалымы – Тілекқабыл Рамазанов. Тілекқабыл Рамазанов – ҚР ҰҒА академигі. Тепе-теңдік емес изотермиялық плазманы компьютерлік модельдеу әдісінің авторы. Бүгінде әлемге аты мәлім қазақ ғалымы.

Қайырғали Көнеев: Қазақстанда коронавирус пандемия емес, қып-қызыл саясат  болды

Жыл дәрігері – Қайырғали Көнеев. Қайырғали Көнеев – педиатр, КТ-диагностикасы, эпилептолог, медицина ғылымдарының кандидаты, отыздан астам ғылыми еңбектердің авторы, «Денсаулық сақтау ұйымдастыру» атты екі монографияның тең авторы, қоғам қайраткері. Биылғы жылы пандемиямен күрес кезінде өлшеусіз еңбек еткен ақ халатты абзал жан.

Ғылымның қия шыңында

Жыл ғалымы – Тілекқабыл Рамазанов. Тілекқабыл Рамазанов – ҚР ҰҒА академигі. Тепе-теңдік емес изотермиялық плазманы компьютерлік модельдеу әдісінің авторы. Бүгінде әлемге аты мәлім қазақ ғалымы.

Бейсен Құранбек: Өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім – Kyzylorda News

Жыл журналисіБейсен Құранбек. Танымал тележүргізуші, «Жетісу» телеарнасының директоры Бисен Құранбек «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы қаншама адамға көмек қолын созып, елдің көкейіндегі өзекті мәселелердің оң шешімін табуына ықпал еткен майталман маман иесі. Осы жылы мәңгілік мекеніне аттанған әріптесіміздің атқарған елеулі еңбегі ел есінде мәңгі сақталмақ. Жарқын бейнесі жұрт жадында сақталған Бейсен Құранбек жыл журналисі атануға әбден лайық.

Жылдың тіл қайраткерлері - Руза Бейсенбайтегі мен Жұлдызай Форт.

Руза Бейсенбайтегі – белгілі тіл жанашыры, қоғам қайраткері. "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде Руха Бейсенбайтегінің мемлекеттік тіл мәртебесін қорғағаны туралы көптеген мақалалар жарияланды. Ол 18 қазанда Павлодар қаласында «Мемлекеттік қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, әр салада қолдануын талап ету және қазақ тілді тұтынушылардың дискриминациясын тоқтату» тақырыбында тіл митингісін өткізді. Сонымен қатар, Мемлекеттік тіл мәселесімен әкімдікке келген Руза Бейсенбайтегіне жындыхана дәрігерлерін шақыртқан Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаров қызметінен босатылды.

Жұлдызай Форт – белгілі тіл күрескері. Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуға барынша септігін тигізіп жүрген ол, қоғамдағы тілге қатысты заңсыздықтарға қарсы тұрып, ұлт мүддесін қорғап жүрген жандардың бірі. «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде «ҚАЗАҚТЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТПЕЙ ТҰРҒАН – ҚҰЛДЫҚ САНА!» атты мақаласы жарық көрген.

Үмітхан МҰҢАЛБАЕВА: АБАЙ – ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ | Қазақ Әдебиеті - QazaqAdebieti

Жыл кітапханашысыҮмітхан Мұңалбаева.

Елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаеваның бастамасымен биылғы жылы көптеген ірі мәдени шаралар жүзеге асты. Соның ішінде, Прагада, Мысырда, Абу-Дабиде және Санкт-Петербургте «Абай» ақпараттық-мәдени орталықтарын ашты. Орталықтың міндеті – қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына үлес қосу, Абай шығармаларын оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ, ақын мұраларын шет елдердегі ғалымдардың зерттелуіне және ғылыми еңбектердің көптеп жазылуына әсер ету. Кітапхана пандемия кезінде белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдерімен онлайн кездесулер мен халықаралық деңгейдегі конференциялар өткізіп, оқырмандардың үдесінен шыға білді. Сонымен қатар, балалар әдебиетін дамыту бағытында да келелі істер атқарылды. Келер 2021 жылды «Балалар әдебиеті жылы» деп атауды ұсынып отыр.

Есбол Камбаров | Қазақстанның жаңа есімдері

Жыл кәсіпкеріЕсбол Қамбаров. Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Юг House» ЖШС Бас директоры Есбол Қамбаров «Оңтүстік «қабылдау үйін» мектепке берді. Қазірдің өзінде онда жақын орналасқан №80 мектептің кезекші сыныптарының 530 оқушысы оқиды. Жалпы ғимарат 2500 адамға арналған. Кәсіпкер мұндай шешімді пандемия салдарынан тойхана ісінің тоқтап қалуына байланысты қабылдады.

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өткен турнирде 5,5 ұпай жинады

Жыл спортшысыЖансая Әбдімәлік. 2020 жылы Жансая Әбдімәлік әйелдер арасындағы шахматтан Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол Швейцарияның Лозаннадағы элиталық турнирінің жүлдегері болды. Ол планетаның ең мықты үш шахматшысына еніп, керемет нәтиже көрсете алды.

Активная молодёжь Карагандинской ассамблеи получила благодарственные письма от Президента - Новости Казахстана и мира на сегодня

Жыл диаспора үздігіЕлизавета Седышева. Ассамблея жиынында «Телеарналар тілін 100 пайыз мемлекеттік тілге көшіру керек» деген «Берегиня» орыс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Елизавета Садешываның мәлімдемесі сайтымызда жарық көрген болатын. Отыз мыңнан астам оқырманды қамтыған бұл мақала қоғамның үлкен қолдауына ие болған еді.