Өскемен әкімі қала күнін 30-тамызда тойлауды ұсынды

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қалалық мәслихаттың отырысында 30 тамызды Өскемен қаласының күні етіп тағайындауды ұсынды. Депутаттар бұл ұсынысты қолдады.

Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.

Ұзақ жылдар бойы Өскеменде қала күні 30 тамызда тойланып келген, содан бірнеше жыл бұрын әкімдік күнді өзгерту туралы шешім қабылдаған еді, өйткені бұл Қазақстан Республикасының Конституция күніне сәйкес келеді.