Коронавирус: Қазақстанның жеті өңірі «сары» аймақта

Коронавирустың таралуы бойынша бір облыс «қызыл» және жеті өңір «сары» аймақта тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 24 желтоқсандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақтан әлі де Атырау облысы шыққан жоқ.

Сонымен қатар, Қостанай, Ақмола, СҚО, БҚО, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы «сары» аймақта орналасқан.

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта тұр. Еске сала кетсек Алматы қаласы кеше «сары» аймаққа кірген болатын.