Шардарадан ұрланған жылқылар Жаңарқадан бір-ақ шыққан...

Мал ұрылары жазадан құтылмады

  2012 жылдың 20 маусымында сағат 11.00 шамасында Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық әкiмшiлiгi Ермекбай ата ауылына қарасты жайылымда жүрген 45 бас жылқыларды Шардара ауданының тұрғыны, 1987 жылы туылған Усенбаев Талғат Умирзакович пен Сарыағаш ауданының тұрғыны, 1984 жылы туылған Шырынбекова Лаззат Ашимкараевна адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, аса iрi мөлшерде, яғни бөтеннiң мүлкiн жасырын ұрлап, жәбiрленушi К.Еспанға жалпы құны 15 750 000 теңге болатын аса iрi мөлшерде материалдық залал келтiрген.   Осы оқиғаға байланысты Шардара АIIБ-мен қозғалған қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеу органымен iздестiру барысында қылмыс ашылып, iс бойынша сұралған куәлар арқылы Т.Усенбаев пен Л.Шырынбекова жылқыларды екi «КАМАЗ» автокөлiктерiне тиеп, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылына қарасты Манақа елдi мекенiнде тұратын жеке шаруа қожалығының төрағасы К.Ахметовке 39 жылқыны арзан бағаға, яғни 4 250 000 теңгеге сатып жiбергендерi анықталған. Алдын ала тергеу органымен дер кезiнде Т.Усенбаев пен Л.Шырынбекова қамауға алынып, оларға қатысты қозғалған қылмыстық iс Шардара аудандық прокуратурасы арқылы аудандық сотқа жолданған. Басты сот талқылауында сотталушы Л.Шырынбекова жәбiрленушiнiң жылқыларын адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ұрлағандарын мүлдем мойындамаған. Сонымен бiрге, сотталушы Т.Усенбаев пен Л.Шырынбекова жәбiрленушi К.Еспанға жасаған қылмыстарының салдарынан келтiрген мүлiктiк залал мен моральдық зиянды жоюға бағытталған iс-әрекеттер жасамаған және өз ерiктерiмен оның орнын толтырмаған. Яғни жылқыларды сатып алушы Ахметов 38 бас жылқыны жаратып үлгермеген, сондықтан одан ұрлықы жылқылар айғақ ретiнде алынып, «Камаз» автокөлiктерiне тиелiп, Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданына қайта алып келiп, жәбiрленушi К.Еспанға қайтарылған. Алайда, бiрiншi сатыдағы сот (Шардара аудандық соты) сотталушыларға жаза тағайындау барысында жасаған қылмыстарының салдарынан келтiрген мүлiктiк залал мен моральдық зиянды жоюға бағытталған iс-әрекеттер жасап, өз ерiктерiмен оның орнын толтырып, жәбiрленушiлермен татуласып, ымыраға келген деген негiзбен, 2012 жылғы 29 желтоқсанындағы үкiмiмен Л.Шырынбекова мен Т.Усенбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 175- бабының 4- бөлiгiнiң «б» (аса iрi мөлшердегi ұрлық ауыр санаттағы қылмыстар қатарына жатады. Мүлкi тәркiленiп, 5 жылдан 10 жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкiн) тармағымен екеуiн де жазаның ең төменгi мөлшерiн, яғни 5 жылға бас бостандығынан айырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 63- бабын (шартты түрде соттау) қолдану арқылы тағайындалған жазаны шартты деп санап, 3 жылға сынақ мерзiмiн белгiлеп, сот залынан Шырынбекова мен Т.Усенбаевты қамаудан босатып жiберген.     Шардара аудандық прокуратурасы қабылданған сот үкiмiнiң қылмысты дәрежелеу бөлiгiн дауламай, сот талқылауы барысында қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауынан жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуiне байланысты наразылық енгiздi. Нәтижесiнде Оңтүстiк Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 19.02.2013 жылғы қаулысымен Шардара аудандық сотының 29.12.2012 жылғы Шырынбекова Лаззат Ашимкараевна мен Усенбаев Талғат Умирзаховичке қатысты үкiмi өзгертiлiп, сотталушылардың қылмыстық жауапкершiлiктерiн және тағайындалған жазаларды ауырлататын мән-жайлар ретiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 54 - бабы 1- бөлiгi «в, г» тармағына сәйкес қылмысты адамдар тобы және алдын ала сөз байласқан тобы болып жасау, қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқаруы деп танылып, бiрiншi сатыдағы сотпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 63- бабының қолдануы заңсыз деп танылды.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 175-бабының 4- бөлiгiнiң «б» тармағымен Л.Шырынбекова мен Т.Усенбаевтың екеуiне де 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 48-бабының 5- бөлiгiнiң «б» тармағына сәйкес тағайындалған жазаны Л.Шырынбекова мен Т.Усенбаевқа түзеу колониясының жалпы режимiнде өтеу керектiгi белгiленiп, екеуi де сот залынан қайтадан қамауға алынды.  

Талғат СЕЙДУӘЛИЕВ, Оңтүстік қазақстан облысы   

Шардара ауданының прокуроры,    

әдiлет кеңесшiсi

www.qazaquni.kz