Рәбиға Қуатбекова: Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры!

Құрметті отандастар! Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік туын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Осыдан 29 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Ұлы қазақ халқында «Бақыт –бірлікте, байлық еңбекте» - деген керемет сөзі бар. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің бағын ашады.Білім, адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік, жеңістерге жету мен өз қабілеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Сондықтан еліміздің болашағына, яғни келер ұрпақтың бақытты өмір сүруі үшін біздер әлі де талай еңбек етуіміз қажет. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті берік ұстау біздің азаматтық парызымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі, көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін! Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! РабиғаҚуатбекова, Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің ректоры, м.ғ.д., профессор