Ерлан Жаулыбаев: Мемлекеттік қызмет - жауапкершілігі мол міндет

Елбасымыздың жарлығымен осыдан үш жыл бұрын елорданы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында төртінші аудан – «Байқоңыр» ауданы құрылғаны баршаға аян. «Байқоңыр» қаламыздағы ең жас аудан болып есептелгенмен, тұрғындарамыздың басым көпшілігі нағыз Целиноградтықтар. Ауданға «Байқоңыр» атауының берілуі де тегін емес. Байқоңыр – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Осы айлақтан тарихта алғаш рет адам ғарышқа ұшты. Ұлт мақтаныштары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов Байқоңырдан көкке самғап, абыройымызды асқақтатты. Бүгінде аудан бойынша халықтың саны өсіп, аудан инфрақұрылымы да қарқынды дамуда. Ауданның тыныс-тіршілігі туралы Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Жаулыбаев Ерлан Әлімбайұлымен сұхбаттасқан едік.

- Нұр-Сұлтан қаласы төрт ауданға бөлінеді. Соның бірі "Байқоңыр". Аудан әкімдігі аппаратының атқаратын негізгі жұмыстары қандай?   

- "Аудан әкімі аппараты неге жауапты?" деген сұрақ үнемі туындап жатады. Бұл орайда әр тұрғынның өмірге келуінен бастап, оның шаңырақ көтеріп, отбасылы болып қалыптасып, яғни, өмірінің әр даму кезеңі аудан әкімдігіне тікелей қатысты екендігін атап өткім келеді. Бұл, әрине, көзге көріне бермейтін, шұғыл әрекет етуді талап ететін, егжей-тегжейлі халыққа ұдайы түсіндіру мен тығыз байланыс орнатып, жұмыс жүргізуді талап ететін жауапкершілігі мол міндет.

Жыл басынан бері қарай аудан әкімдігі тұрғындарға 7 000 астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Ал, «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратында 45 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды. Олардың ішінде бірқатар салалық  негізгі бөлімдерді атап өткім келеді.

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі

Әлеуметтік сала бөлімi

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі

Инфрақұрылым бөлімі

Өндірістік-техникалық бөлім

Абаттандыру бөлімі

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі  

Менің айтайын дегенім аудан тұрғындарының жағдайын жақсартуда аппарат мамандарының, аталған бөлім қызметкерлерінің үлестері орасан зор.

- COVID-19 инфекциясының таралу қаупі әлі де бәсеңдемей отыр, осы кезеңде тұрғындармен байланыс қалай жүзеге асырылуда? Аудан тұрғындарынан қандай сауалдар жиі келіп түседі?

- Иа расымен, COVID-19 инфекциясының таралу қаупі әлі де бәсеңдемей тұр. Бірақ халықпен байланыс үзілген емес. Бұл реттегі жұмыстар негізінен онлайн форматта жүзеге асырылуда. Ол үшін «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты Ресми сайт және WhatsApp, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері арқылы барлық сұрақтарға жауап беріп, тұрғындардың мәселелерін жүйелі түрде қарастыруда.

Мәселен, тұрғындардан күніне шамамен 30-дан астам өтініштер мен сұрақтар келіп түседі. Сондай-ақ, аптасына бір рет әлеуметтік желілер арқылы тікелей байланысқа шығамыз.

Ал сұрақтарға келетін болсақ, қала шетінде, яғни, тұрғын алаптардағы тұрғындарды («Өндіріс» тұрғын алабы, «Кирпичный» және «Казгородок» секторы) негізінен нөсерлік кәріз құрылысы, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, сумен жабдықтау, қоғамдық көліктің жұмыс істеуі, ескі үйлерді сүру, білім беру нысандарын салу, жастарға арналған демалыс орталықтарын ашу мәселелері алаңдатса, ал ауданның орталық бөлігінде тұратын тұрғындардан қызмет көрсететін ұйымдардың (ПИК) қызметіне, аулаларды абаттандыруға, аумақтарды жарықтандыруға, бейнебақылау камераларын, жол белгілерін, реттелетін бағдаршамдарды, аялдама кешендерін орнатуға қатысты тұрғын үй-коммуналдық сипаттағы сауалдар келіп түседі.

Жалпы, жыл басынан бері, әкім аппарты аудан тұрғындарының 12 мыңнан астам өтініштерін қарастырған (ал 2019 жылыдың қортындысы бойынша 15 000 өтініштер қаралған). Бұл өтініштер халықпен кездесулер мен жеке қабылдаулар барысында қойылған, сондай-ақ ресми интернет-ресурстарға, IKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына келіп түскен өтініштерде қаралып, мәселелер өз шешімін табуда.

Осы аталған мәселелерді, шешу мақсатында былтырғы және биылғы халық сауалдары мен өтініштері талданып, арнайы жұмыс жоспары құрылады.

Тұрғындарға кері байланыс жасау үшін «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурстарына «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына, сонымен қатар WhatsApp +77010555979 нөмірі арқылы байланысқа шығуға болады.

- Ерлан Әлімбайұлы, сіз «Бақоңыр» ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала, кәсіпкерлікті дамыту бағытына жауапты мамансыз. Аталған бағыттарда аудан көлемінде қандай жұмыстар жүргізілуде?

- Әлеуметтік сала. Халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, тұрғындардың әлеуметтік хал-ахуалын жақсартуда еңбектеніп жүрген ауданымыздағы негізгі салалардың бірі бұл – әлеуметтік бөлім қызметкерлері.

Бүгінгі таңда ауданымызда 20 000 астам зейнеткер, оның ішінде 7 Ұлы Отан соғысының ардагері және 500-ге жуық тыл ардагерлері, 3800 – мүкіндігі шектеулі тұрғындар, 1311 – көп балалы отбасылар, 1401 – аз қамтамасыз етілген отбасылар тіркелген. Жыл басынан бері әлеуметтік көмек 766 отбасына тағайындалып, 3030 адам атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Сондай-ақ, елімізде жарияланған Төтенше жағдайда кезеңінде 2842 мұқтаж отбасы азық-түлік пакеттерімен қамтамасыз етілді.

Мемлекетіміздің басты құндылығы халық екенін ескере отырып, халық игілі үшін қашан да қызмет ету басты мақсатымыз.

Сондай-ақ, «Байқоңыр» ауданы аумағында 32 193 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде 24 993 кәсіпорын өз жұмысын жүргізуде. Ал қыркүйек айындағы көрсеткішке сай, негізгі капиталға салынған инвестицияның құны 2020 жылға 27,4 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, қаладағы сауда базарларының негізгі бөлігі біздің ауданда (13) орналасқан.

«Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері апта сайын талаптарға сәйкес келмейтін елорданың санитарлық тазалығы мен сәулеттік келбетін қамтамасыз ету бойынша жарнамалық-ақпараттық объектілерді орналастыру бойынша мониторинг жүргізеді. 2020 жылдың басынан бастап «Байқоңыр» ауданының жұмыс тобы аудан аумағында 70-тен астам іс-шараларды жүзеге асырды. Бақылау қорытындысы бойынша «сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары» бойынша 700-ден астам хабарлама жіберіліп, 800-ден астам жарнама объектілері бөлшектелді. Сондай-ақ, «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ақпараттарына сәйкес, «Көше саудасы – 1000 орын» бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудан бойынша 104 келісім шар жасалып, оның ішінде 64 нысан жұмыс атқаруда.

Бүгінгі күні «Байқоңыр» ауданының аумағында 13 базар жұмыс істейді, оның ішінде 8 әмбебап, 2 көтерме және 3 мамандандырылған. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметі туралы» заңына сәйкес сауданы жаңғырту және қазіргі заманғы форматқа көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылы «орталық» (сауда алаңы 71 304 ш.м.) және «Алуан Сайман» (сауда алаңы – 11 000 ш. м.) базарларын жаңғырту аяқталды, 2020 жылы «Орда» базары жаңғыртылды (жалпы ауданы – 4,4 Га). Қазіргі уақытта «Орда» базарының (жалпы ауданы 4,4 га) (бұрынғы «Нұрдәулет» базарын жаңғырту) және «Алатау» сауда үйінің (жалпы ауданы 1100 шаршы метр) техникалық ашылуы өткізілді. Келесі жылы Алаш тас жолындағы 6 базардың айналасында абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі. Азаматтарымыздың өміріне қатысты барлық маңызды мәліметтер  азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде заңдастырылып, рәсімделеді. Осыған орай, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру және мемлекеттік қызмет көрсету АХАТ бөлімнің мақсаты болып табылады. Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу (соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды қоспағанда), атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру тіркеуші органдарда  белгіленген мерзімдерде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Бүгінгі таңда, Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатылған жоқ, азаматтар тарапынан электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алуға өтініштер келіп түсіп, АХАТ бөлімі қызметкерлері тарапынан тиісті мемлекттік қызметті көрсету заң аясында жүзеге асырылуда. Осы ретте, жыл басынан бері қарай аудан әкімдігі тұрғындарға 6 000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, бүгінде азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға өтінішті үйден шықпай-ақ, электронды үкімет порталы арқылы  жүзеге асыруға болады. Цифрлық Қазақстан бағдарламасы азаматтардың цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануы үшін жасақталған. Электронды түрде өтініш беру арқылы Сіз уақытыңызды, жол жүру қаражатыңызды үнемдейсіз, мемлекеттік тіркеуші органға тек дайын құжатыңызды ғана алу үшін барасыз. Азаматтардан тек қана электронды үкімет порталындағы өзіңізге қатысты мәліметті сауатты және дұрыс толтыру талап етіледі.

Биылғы жылы аудан аймағында жаңа білім нысандары салынып, ауқымды абаттанддыру жұмыстары жүргізілді. Нұр-Сұлтан қаласы қаланғанан бері биылғы жылы аудандағы үш бірдей тұрғын алапта тұрғындардың жайлы демалысына арналған қоғамдық кеңістіктер (шағын саябақтар) жасақталды.  Бүгінгі күнге дейін ауданымызда 2 жаңа мектеп салынып, сонымен қатар 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, №31 мектепте қосымша құрлыс жұмыстары жүргізіліп, биылғы жаңа оқу жылына пайдалануға берілсе,   № 23 орта мектебінде қосымша құрлыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес құрлыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін тапсырылуы тиіс. Сонымен қатар, ауданымыздың шет аймақтарын дамыту бағдарламасы аясында «№12 балабақша-бастауыш мектеп» кешеніне және №34 орта мектебіне қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мектепті кеңейту жоспарланған. Жалпы құрылыстың жобасы 600 орынға есептелген.

Қала шетіндегі тұрғындардың денсаулығына мән беріп, нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрлысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес кешен құрылысы келесі жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Бүгінгі күні «Өндіріс» тұрғын алабында емхана салу жұмыстары жоспарланған, құрылыс жұмыстары жоспар бойынша келесі жылы басталады.

 «Байқоңыр» ауданының аумағында 13 базар жұмыс істейді, оның ішінде 8 әмбебап, 2 көтерме және 3 мамандандырылған. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметі туралы» заңына сәйкес сауданы жаңғырту және қазіргі заманғы форматқа көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылы «орталық» (сауда алаңы 71 304 ш.м.) және «Алуан Сайман» (сауда алаңы – 11 000 ш. м.) базарларын жаңғырту аяқталды, 2020 жылы «Орда» базары жаңғыртылды (жалпы ауданы – 4,4 Га). Қазіргі уақытта «Орда» базарының (жалпы ауданы 4,4 га) (бұрынғы «Нұрдәулет» базарын жаңғырту) және «Алатау» сауда үйінің (жалпы ауданы 1100 шаршы метр) техникалық ашылуы өткізілді. Келесі жылы Алаш тас жолындағы 6 базардың айналасында абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

- Аула клубтарын дамыту бойынша ауданда қандай жұмыстар жүргізілуде?

«Байқоңыр» ауданы құрылғанан бері 5 аула клубтары және аға ұрпақтың бос уақытын қызықты өткізуіне арналған 7 шағын орталық ашылған. Бүгінгі таңда жалпы саны 10 аула клубы өз жұмысын жүргізуде. Шағын орталықтарда зейнеткерлер мен ардагерлердің бос уақытын барынша қызықты етіп өткізуі үшін әдеби-шығармашылық бұрыштар, үстел ойындары (шахмат, дойбы) ұйымдастырылып, сонымен қатар музыкалық үйірмелер өз жұмыстарын жүргізуде. Ал аула клубтарында жасөспірімдерге арналған ашық ауада дене шынықтыру жаттығулары, спорттық үйірмелер өткізіледі. Бұл сабақтар әсіресе пандемия кезінде сұранысқа ие болды. Аулаларда воркаут-алаңдардың ашылуымен бұл бағытты одан әрі дамыту жоспарлануда.

- Сұхбатыңызға рақмет! - Рақмет! Осы орайды пайдалана отырып баршы отандастарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман,  жұртымыз тыныш болғай.