Тәуелсіздік күніне орай Ассамблея өкілдері марапатталды

0
253

Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық наградаларымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев марапатталушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қоғамда өзара татулықты сақтауға, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ олардың экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беру ісін дамытуға сіңірген еңбектерін атап өтіп, мемлекеттік органдарда және қоғамдық қызметте алдағы уақытта да белсенділік танытуға шақырды.

Мемлекеттік тілді дәріптеп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру шараларын өңірлерде қолға алу қажеттігін еске салды.

Нақтылай кетсек, Президент Жарлығымен жоғары марапатқа ие болғандардың басым бөлігі – Қазақстан халқы Ассамблеясының жақында өткен кеңейтілген отырысында қазақ тілінде сөй сөйлеген этнос өкілдері. Атап айтқанда:

II дәрежелі «Достық» орденімен – Крюгер Светлана Владимировна, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» Коммуналды мемлекеттік мекемесінің сарапшысы;

«Құрмет» орденімен – Вавилин Вячеслав Дмитриевич, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері орталық штабының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры; Дементьева Наталья Григорьевна, Көкшетау техникалық лицейінің директоры; «Ерен еңбегі үшін» медалімен – Исматуллаев Абдулла Жапарович, «Алматы қаласының өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Құсайынова Ләззат Сейітқазықызы, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары; Нұралиева Динара Хатамқызы, Тараз қаласының №4 орта мектебінің директоры; «Шапағат» медалімен – Трегубова Виктория Вячеславовна, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының баспасөз менеджері және Президенттің Құрмет грамотасымен, ҚХА «Мейірім» төс белгісімен – Лагуткина Юлия Николаевна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4-ші курс студенті және басқалар марапатталды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз