Президент Жарлығымен екі адамға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
2020 ж. 14 желтоқсан
2931
1
Президент Жарлығымен Вадим Басин мен Мұрат Қайыргелдинге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды Ақорда.
«Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Басин Вадим Борисович – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры, Қарағанды облысының Теміртау қаласы
Қайыргелдин Мұрат Амангелдіұлы – «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің машинисі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы», делінген Жарлықта.