Азамат Тасқараұлы: ТӘУЕЛСІЗДІКтің құнын ҚҰЛ ғана білмейді!
2020 ж. 12 желтоқсан
3271
1
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Тәуелсіздік күніне орай отшашу болмайтынын мәлімдеді.
Ел қырылып жатқан кезде салют атқан Астана әкімдігі Тәуелсіздік күніне отшашуды көп көрді ме? Жаңа жылдық декорацияға ғана 300 млн теңгеден астам қаржы бөлген әкімдік, Тәуелсіздік күні елдің бас мейрамы екенін неге ойламайды?
80 млн теңгеге мұзқалашық салғанда адамдардың топтасатынын қаперге алмаған әкімдік, Тәуелсіздік күніне орай айдалада атылатын отшашуға келгенде санитарлық нормалардың естеріне түсіп кеткенін қарасаңызшы...
Өз басшыларымыз ел егемендігін ұлықтай алмаса, өзге елдің депутаттарының жерімізді жіліктегісі кеп, астамсып сөйлеуін де түсінуге болады.
Кеше ғана Ресей госдумасының депутаты Вячеслав Никонов мемлекеттік телеарнаның эфирінде «Қазақстанның жері - Ресейдің сыйлығы. Қазақстан деген болмаған. Солтүстік Қазақстанда мүлдем адам тұрмаған» деп беті бүлк етпей айтты.
Оған Сыртқы істер министріміз жауап та берген жоқ. Әрине, «Миымды ауыстырмасаңдар, қазақ тілін үйрене алмаймын» деген де Сыртқы істер министрін көргесін, таң қалмаймыз.
Біздің билікте бойында ұлттық намысы бар бір шенеунік бар ма екен?!.
Азамат Тасқараұлы,
Қазақ үні