Сағынтаев өтпей қалған мерекеге 63 миллион теңге неге төленгенін түсіндірді

0
532

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өтпеген шоуға неге ақша төлегенін айтты, ­– деп хабарлайды КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, елорданың тойланбай қалған қала күніне 63 миллион теңге жұмсаған Алматы әкімі болған жайтқа коронавирусты кінәлады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев: «Иә, шоу өтпей қалды. Біз мерекеге алдын ала дайындалған едік. Пандемия болады деп ешкім ойлаған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, дамыған барлық елдер жарық шоуын өткізіп жатады. Пандемия енді мәңгі болмайтын шығар. Сондықтан жұртқа турист тартатын жарық шоуын басқа мерекелерде көрсетеміз», ­– деді.

Әлеуметтік желіде дау тудырған жарық шоуды Алматы әкімдігі оны Астана күніне арнайы дайындатқан. Алайда аяқасты коронавирус тарап, мереке сол күйі тойланбай қалды. Ал шоудың ақшасы төленіп қойған. Бағасы ­– 63 миллион теңге.

Ал алаңда жұртқа көрсетілуі тиіс көріністі шенеуніктер инстаграм парақшасына жүктеген. Десе де өтпеген шоуға төленген ақшаға Алматы қаласы әкімі түсініктеме берді. Астана күніне дайындық жарты жыл бұрын басталған. Келісімшарт жылдың басында жасалған.

«Сол себепті,  63 миллион теңгені төлеуге тура келді», ­– дейді Бақытжан Сағынтаев.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз