ҚАЗАҒЫ ҚАЗАҚҚА ТІЛМАШ БОЛҒАН ҚАЗАҚСТАН! (видео)
2020 ж. 26 қараша
3620
0
1.Орталық Коммуникация қызметі модераторы Ания Байораз, сіз мемлекеттік тілді шетел азаматына аударып, тілмаш болып отырсыз ба, Қазақстанның мемлекеттік қызметкері, қазаққа ма?
Қазаққа қазақ тілін аударып, өзге ұлттарға масқара болмау керек! Тіпті, өзге ұлттарға да аудармау керек - Мемлекеттік тіл ғой бұл, ал олар Мемлекеттік қызметкерлер!
Ресей тілінде сөйлеп отырған, өзінің Ана тілі мен Мемлекеттік тіліне миы жетпейтін бұл шенеуніктің аты кім?
2.Орталық Коммуникация қызметінің Мемлекеттік тілдегі парақшасы 25 қыокүйектен - екі айдан бері неге істемей тұр?
P.S. Парақшадағы пікірлерден анықтағанымыз - Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Абзал Мыхыбаев екен бұл Қазақ тілін түсінбеген сабаз.
Қазыбек Иса,
Қазақ үні