Қазыбек Иса. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ТАЛАП ЕТКЕН ЖАЛҒЫЗ ПАРТИЯ – «АҚ ЖОЛ» (видео)

0
607

«Ақ жол» партиясының XVI құрылтайында сөйлеген сөзі

«АҚ ЖОЛДЫҢ» БАСҚА ПАРТИЯЛАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

1. ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ – АЛАШ ИДЕЯСЫН ҰСТАНУ

«Ақ жол» партиясының парламенттегі 3 партиядан, сайлауға қатысатын 6 партиядан, жалпы еліміздегі тіркелгені, тіркелмегені бар барлық партиялардан
артықшылығы – біріншіден, Ұлттық мүддені қорғауы, Ұлттық саясатты ұстануы. Алаш идеясын басты бағыты етіп алуы.

2. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ТАЛАП ЕТІП ОТЫРҒАН ЖАЛҒЫЗ ПАРТИЯ -«АҚ ЖОЛ»

● «Ақ жол» партиясы тұңғыш рет 2007 жылы Ұлттық саясат концепциясын, 2012 жылы «Алаш» бағдарламасын қабылдаған және Мемлекеттік тіл туралы заңды талап етіп отырған жалғыз партия!
Осы мақсаттарды іске асыруда нақты жұмыс істеп келе жатқан партия.
Ал бұл Ұлттық мүддені қорғау, Алаш идеясын ұсыну, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды талап ету – билік партиясының да, өздерін ғана «нағыз оппозиция» санайтын партиялардың да аттап баспайтын, айшылық жерден алыс қашатын, қайта бұл Ұлттық мүдде -Тәуелсіздік тіректеріне, мысалы Мемлекеттік тілді міндеттейтін заң қабылдауға қарсы шығып жүргені елге жақсы белгілі.

3. ПАРЛАМЕНТ ТАРИХЫНДА АЛАШТЫ АЛҒАШ КӨТЕРГЕН – «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ

«Ақ жол” партиясының арқасында Қазақ Парламенті тарихында тұңғыш рет 2012 жылы 7 қазанда Алаш арыстарының аттары аталып, ұлағатты істерін ұлықтау мәселесі көтерілді.
«Ақ жол» мемлекет көңіл аудармаса да, Алаштың 95 жылдығын да, 100 жылдығын да атап өтті. 2012 жылдан бері бірнеше рет республикалық ғылыми конференциялар мен Халықаралық мүшәйралар өткізіп, мерекелік медаль шығарды.
2013 жылдан бері «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық бағдарламасы биыл тоғызыншы рет өтіп келеді. Бұл дәстүрлі байқау аясында жас Алаштанушылар шоғыры пайда болды.

Тура осыдан 103 жыл бұрын, 1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері тарих сахнасына Қазақтың алғашқы заманауи саяси партиясы «Алаш» шықты. Ал бір ғасырдан кейін, 2017 жылдың 2 желтоқсанында Қытай астанасы Бейжіңде Әлемдік саяси партиялар көшбасшылары форумына қатысқан «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев 125 елден жиналған 600 делегат қатысқан дүниежүзілік дүбірлі жиында «Алаш» партиясының атын асқақтатты. Ол қатысушыларды Орта Азиядағы алғашқы заманауи саяси партияның 100 жыл толу мерекесімен құттықтап, Алашорда туралы қазақ тілінде сөйлеп, ағылшын тілінде баяндама жасады.

4. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ – «АҚ ЖОЛДЫҢ» ҰСЫНЫСЫ

5. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛЕТІНДЕРГЕ БЕРІЛУІ КЕРЕК!

6. МЕМЛЕКЕТ аты – ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ болуы керек.

7. 4 МИЛЛИОН ҚАЗАҚТЫ ҚЫРҒАН АШАРШЫЛЫҚ – ҒАСЫР ЗҰЛМАТЫ

8.ҚАНДАСТАРДЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ЖИНАУ – КЕЗЕК КҮТТІРМЕС МӘСЕЛЕ

2017 жылдың 1 желтоқсанында Қытай астанасы Бейжіңде Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының I халықаралық форумына қатысқан «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Қытайдың мемлекеттік төрағасы Си Жинпинге жазылған, Қытайдағы қамалған 112 қазақ тізімі бар хатты Қытай басшылығына тапсырды. Сонымен қатар «Ақ жол» партиясы атынан да, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың қолы қойылған xат берілді. Екеуінің де қытайша аудармасы да қоса берілді.
Бұл – Қытайдағы қазақтар қысымы туралы Қытай басшылығына алғаш ресми жариялау еді. 112 адам тізімін дайындаған «Атажұрт» қоғамының алғашқы басшысы Қыдыралы Оразұлы кейін 79 адамның қамаудан босатылып, аман-есен елге оралғанын мәлімдеп, «Ақ жол» партиясына алғыс айтты.
«Ақ жол» партиясы бағдарламасында қандастарымыздың Қазақстанға оралуына басты назар аударып, баспана мен жұмыспен қамту атап көрсетілген.

9. ПАРЛАМЕНТТІК РЕСПУБЛИКАҒА КӨШІП, ҚАРЖЫНЫ ХАЛЫҚ БАҚЫЛАУЫ КЕРЕК

10. ӘКІМДЕРДІ ХАЛЫҚ САЙЛАЙДЫ

11. ЖЕР САТЫЛМАУЫ ДА, ЖАЛҒА ДА БЕРІЛМЕУІ ТИІС

Қазыбек Иса,

Қазақ үні

Жалғасы видеода:

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз