«МЕЙІРІМ ШУАҒЫ» МЕЙІРІМІН ТӨКТІ

0
104

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде волонтерлер жылы аталып өтуде. 2020 жылдың тамыз айында Президент Қазақстан Республикасының Үкіметіне Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдап, арнайы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеген болатын.

«Мен еліміздің әрбір өңіріне волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін. Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шараларды қабылдайды. Біз оған зор мән береміз. Алайда Еріктілер жылы кезекті науқан емес. Осыны халыққа түсіндіруіміз керек», – деген болатын президент республикалық волонтерлік фронт-офистің ашылуында.

Осыған орай, Мақтаарал ауданында орын алған су апаты салдарынан Мырзакент кентінде жаңадан бой көтерген мөлтек ауданға көшіп барған Жеңіс ауылының тұрғындарына азық-түлік таратылды. «Мақтаарал тұрғындарына көмек» деп аталатын қайырымдылық шараны «Мейірім шуағы» және «Атырау Рауан» қоғамдық қорлары ұйымдастырды.

Бұл туралы «Қазақ үні» тілшісі хабарлайды.

Жалпы әрбір үйге таратылған азық-түліктің құрамында ұн, ақ май, күріш және макарон өнімдері бар. Келген қайырымдылық көмекке разы болған Жеңіс ауылының тұрғындары ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, 7 айдан бері бір сәтте толастамаған гумманитарлық көмектер үшін Қазақ еліне өз ризашылықтарын білдірді.

Өзбекстан Республикасындағы Сардаба су қоймасының апатқа ұшырауы салдарынан 2020 жылдың 1 мамыр күні ең бірінші болып Мақтаарал ауданындағы Жеңіс ауылын су басқан болатын. Қазіргі таңда барша ауыл тұрғындары аудан орталығы Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген шағын аудандағы үйлерге қоныстанып алған.

Айта кетейік, алғаш су басу оқиғасы орын алған күннен бастап қазіргі таңға дейін Мақтаарал ауданына Қазақстанның түрлі облыстарынан 1000 тоннадан астам гумманитарлық көмектер келді.

Еске сала кетейік, жалпы Мақтарал ауданындағы су тасқынынан болған зардапты жою үшін «Түркістан» қоры құрылып, оған 8 612 532 233 теңге мөлшерінде ақшалай қаражаттар жиналған болатын.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы азық-түлік қоймасына өзге өңірлерден 408  тонна гуманитарлық көмек келіп түскені туралы да хабарлаған болатынбыз. Оның 96 тоннасы эвакуациялық бекеттердегі азаматтарға, жекелеген туыстарының үйінде жатқан тұрғындарға үлестіріліп берілген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз