Нұр-Сұлтаннан Түркістанға ұшатын жаңа рейс ашылады

QAZAQ AIR Қазақстанда ішкі рейстердің кеңеюі туралы хабарлайды. 2 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан – Түркістан әуе қатынасы ашылады, - деп хабарлайды "Қазақ үні".

Жаңа әуе бағыты ойынша аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі) екі қала арасында ұшақ қатынайтын болады. Билет бағасы 9 398 теңгеден бастап. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік. Билеттер сатылымда.

Дүйсенбі күндері ұшу кестесі (жергілікті уақыт):

Нұр-Сұлтан (11:40) – Түркістан (13:30)

Түркістан (14:00) – Нұр-Сұлтан (15:40)

Сәрсенбі күндері ұшу кестесі (жергілікті уақыт):

Нұр-Сұлтан (09:10) – Түркістан (10:55)

Түркістан (11:25) – Нұр-Сұлтан (13:10)