Жемқорлықпен күрес нәтиже бере бастады
2020 ж. 15 қараша
1140
0
Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия негізінде Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен 2018 -2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп жүзеге асырылуда.
Шымкент қаласы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Рашид Мыңбаевтың айтуынша, 2019 жылдың 10 айында 12 азамат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болса, 2020 жылдың 10 айында 5 азамат сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 58 %-ға азайғанын көрсетеді. Жемқорлыққа қатысты қылмыстың алдын алу үшін қалада «Open Space» пилоттық жобасы аясында Шымкент қаласының әкімдігі, 4 аудан әкімдігі, 5 басқарма, 137 мектеп, 11 емхана және 8 колледж ашық түрде жұмыс жасауға көшірілген. Нәтижесінде қала бойынша аталмыш қылмыс көрсеткіші айтарлықтай төмендеп отыр.
qazaquni.kz