Бірлікті сақтау үшін Мемлекеттік тілді білу керек - Владимир Чепель
2020 ж. 12 қараша
1692
3
Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында Алматы облысы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Владимир Чепель Мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты өз ойын айтты.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
- Этносаралық бірлікті сақтауда мемлекеттік тілді білу аса маңызды деп ойлаймын. Кейбір тиіскісі келіп тұратын бұзықтау жігіттерге «Бауырым, тыныштық па?» деп жауап берсем, олар бірден өз райларынан қайтып қалады. Осы сәтті пайдаланып, барлық замандастарымды, бүкіл Отандастарымызды татулығымызды бағалауға және бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын, - деді ол өз сөзінде.