Қазаққа тіл тигізген Божко екі жылға сотталды

Қостанай облысында ұлтаралық араздықты қоздырған Рудный тұрғыны сотталды, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный қалалық сотының үкімімен Рудный қаласының тұрғыны Б. ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігі бойынша сотталды.

«Сотталушының кінәсі бейнежазба және арнайы сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот іс бойынша барлық мән-жайды ескере отырып, Божконы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ» делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Қазақ үні" ақпарат агенттігінің Бас редакторы Азамат Тасқараұлының "Қазақ еліне алғыс айтудың орнына қарғыс айтатындар қатаң жазалану керек" атты мақаласы жарияланған. Әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырған бұл мақалада Божконы заң талаптарына сай жазаға тартуды талап етілген болатын.