МАКСИМДІ 124 мың ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУШЫНЫҢ АТЫНАН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

0
1428

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ жазбақ түгілі, сөйлей алмаса да, МИНИСТР, ӘКІМ, ДЕПУТАТ болып жүргендерге (әлемде тек біздің елде ғана болатын парадокс) ҮЗДІК ҮЛГІ КӨРСЕТІП ЖҮРГЕН БІЗДІҢ МАКСИМ РОЖИН бүгін үшінші мүшел жасқа, 37-ге толып отыр.

Максим Рожин МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ТАЛАП ЕТІП, 124 мыңнан асқан қол қоюшылар ішінде өзге ұлт өкілдері ішінен бірінші болып ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАДЫ!
Максим Рожин бастаған патриоттықты 50 шақты этнос өкілдері қолдап, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУДЫ ТАЛАП ЕТІП ҚОЛ ҚОЙДЫ!
Ал жақында Қазақстан Халқы Ассамблеясында барлық этнос өкілдері «Мемлекеттік тілді мідеттейтін заң қабылдау керек» деп Үндеу жасады.

Белгілі журналист, қоғам қайраткері Максим Рожин «Қазақ үні» ұлттық порталындағы Конституциядан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекеттік тіл туралы заңды талап еткен 124 мың қол қойылған Ашық хатқа 12 057-інші болып қол қойды!

Яғни, алдыңғы қатарда келеді!
Ал Мемлекеттік тілді – Мемлекеттік мүддені қолдаған Ашық хатқа министрлер, әкімдер, депутаттар, Ұлттық Кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер неге қол қоймайды?
Әзірге сенатор Мұрат Бақтиярұлы мен Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов қана Мемлекеттік мүддені қолдап, қорғайтынын көрсетті!

«Қазақ тілі – менің Ана тілім»-деп мәлімдеген, Қазақстан Азаматы ретінде патриоттықтың үлгісін көрсеткен Максим Рожин бауырымызға Алғысымыз шексіз, құдай қуат берсін!

Мүшел жастан мүдірмей өтуіңе тілектеспіз Максим бауырым!

Бүгін мен сені Қазақ тілін қолдап, қол қойған 124 мың Азаматтың, олардың артында тұрған миллиондардың атынан құттықтаймын! 23 сәуірде Қазақ тілі күрескері Оғыз Доған бауырым ютуб арнасында мені туған күніммен сол кезде екі аптада қол қойған 104 мың Тіл жанашырының атынан құттықтап еді. Сенің құттықтаушыларың менікінен 20 мың асып кетті бауырым! Мерейің әрдайым үстем бола берсін!

Төл Мерекең мол Берекеңе айналсын! Шаңырағыңда шапағат пен шаттық шалқи берсін! Берекелі күз күніндей өмірің жемісті де, жеңісті, көңілің келісті бола берсін!
Әрдайым ойың шуақты, бойың қуатты бола берсін!
Алла жар болып, Жұлдызың жарқырай берсін!!!!!

ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ!

Қазыбек ИСА,

«Қазақ үні»

Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!..

ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ:
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН «Қазақ үні» сайтының сілтемесіне өтесіздер:
https://qazaquni.kz/2018/09/05/65363.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз