Президент: Қарулы күштердің басты міндеті – еліміздің тәуелсіздігін сақтау

ҚР Қарулы күштерінің басты міндеті – еліміздің аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін және азаматтарымыздың тыныштығын сақтау. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды "Қазақ үні".

«ҚР Қарулы күштерінің бітімгершілік бөлімшесінің алдында сөйлеген сөзімде заманауи аймақтық қақтығыстарды бағалау кезінде БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын басшылыққа алу керек екенін айттым. Қақтығыстар БҰҰ Жарғысының екі қағидаты – мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен ұлттардың өз тағдырын өзі таңдау құқығы арасындағы қарама-қайшылықты айқындап берді. Бүгінде әлем өзінің даму бағытын анықтап алды, яғни, мемлекеттің территориялық тұтастығына басымдық беріледі. ҚР Қарулы күштерінің басты міндеті – еліміздің аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін және азаматтарымыздың тыныштығын сақтау», - деп жазды ол.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бітімгершілік даярлық оқу орталығына жоғары баға берді.