Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Тwitter-дегі парақшасында жазды.

Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді, - деп жазды Президент.