Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады
2020 ж. 05 қазан
1084
0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Тwitter-дегі парақшасында жазды.
Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді, - деп жазды Президент.