«Ақ жол» партиясы медицина қалдықтарының бей-берекет қоқыс алаңдарына төгілуіне алаңдаулы
2020 ж. 24 қыркүйек
1025
0
ҚР Экология, геология
және табиғи ресурстар
министрі
М.М.Мырзағалиевке
ҚР Денсаулық сақтау
министрі
А.В.Цойға
Депутаттық сауал
Құрметті Мағзұм Маратұлы!
Құрметті Алексей Владимирович!
Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін COVID-19 коронавирусының қайта өршуінің қайғылы тәжірибесі, сондай-ақ Еуропада, Ресейде және басқа елдерде жаппай жұқтырудың екінші толқыны туралы хабарлар жағдайында біздің елімізде пандемияның жаңа таралуы мен жаңа құрбандарының алдын алу шаралары ерекше өзекті болып отыр.
Осыған байланысты COVID-19 жұқтырған адамдармен жұмыста қолданылған медициналық мекемелердің қалдықтары (қорғану костюмдері, шприцтер, бинттер және т.б.) ерекше қауіп төндіреді.
Негізінде, Қазақстанда халықаралық талаптарға сәйкес, эпидемиологиялық қауіпсіздік дәрежесі бойынша (5- сынып) медициналық қалдықтарды жіктеу анықталып, қалдықтарды кәдеге жарату қағидалары бектілген.
Әлемдік практикада кәдеге жарату үшін медициналық қалдықтарды өртеу не автоклавтау (қысқа толқынды және булы жылумен өңдеу) пайдаланылады. Қазақстанда негізінен өртеу әдісі қолданылады.
Алайда, бұл қызметтерге бірыңғай талаптар мен тарифтердің болмауы алаңдаушылық тудырады.
Мысалы, тек Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бақылауындағы емдеу мекемелерінде (олардың саны 30-дан астам) әдеттегі режимде 400 тоннадан астам эпидемиологиялық қауіпті, аса қауіпті және токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар шығарылады.
Қазіргі жағдайда олардың көлемі айтарлықтай өсті.
Бұл ретте қалдықтардың кәдеге жарату бағасының әртүрлі. №4 қалалық емхана бір килограм қалдықтар үшін 20 теңгеден төлесе, №6 емхана дәл сондай салмаққа 818 теңгеге дейін төлейді, яғни 40 еселенген айырмашылықты құрайды.
Бұл жағдайда медициналық мекемелердің медициналық қалдықтарды кәдеге жарату үшін «баға ұсыныстарын» сатып алу кезінде баға демпингінің пайда болатыны түсінікті.
Нәтижесінде медициналық қалдықтардың тұрмыстық қалдықтар полигондарына немесе тіпті рұқсат етілмеген қоқыс үйінділеріне төгу фактілері барлық жерде орын алып отыр. Бұл жалғасып жатқан пандемия аясында халықтың өмірі мен денсаулығына аса жоғары қауіп-қатер төндіреді.
Бұл біздің сақтандырғанымыз емес, өйткені әлеуметтік желілер мен тәуелсіз телеграмм-арналарда қауіпті қалдықтарды жедел жәрдем машиналарында тасылатыны және қалдықтарды Алматы, Қарағанды және басқа да өңірлерде тұрғын үйлер маңындағы қоқыс жәшіктерге лақтырылғаны туралы бейнежазбалар мен фотосуреттер пайда болды.
Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Ключи ауылына қарайтын жерге 2-3 тонна көлемінде медициналық қалдықтар (қаны бар пробиркалар, шприцтер) лақтырылды. Мұндай мысалдар аз емес.
Барлық осы әрекеттер пандемиядан бұрын да болған, пандемия кезінде де болды және қазір де жалғасуда.
Қазір мұндай әрекеттер қауіпті ғана емес, сонымен бірге адам өліміне алып келетін қылмыс.
Өздеріңіз білетіндей, адамдар мен қоршаған ортаны эпидемияның таралуынан мүмкіндігінше қорғауға тырысып, туыстарының адамшылық сезімдері мен діни дәстүрлеріне қарамай, коронавирустан қайтыс болған науқастарды ерекше тәртіппен жерленеді.
Медициналық қалдықтар адам өміріне үлкен қауіп төндіреді, өйткені оларда бір емес, көптеген вирус тасымалдаушылардың биоматериалы бар.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Ақ жол» депутаттық фракциясы Денсаулық сақтау министрлігі мен Экология министрлігінен келіп түсетін дабылдарды шұғыл түрде шешуді, осы салада тәртіп орнатуды, сондай-ақ қауіпті медициналық қалдықтарды тасымалдау мен кәдеге жарату талаптарын бұзғаны үшін бақылау мен жауапкершілікті қатаңдатуды сұрайды.
«Ақ жол» фракциясының депутаттары өз тарапынан эпидемиологиялық қауіпсіздік қызметтерімен пысықталған заңнамаға тиісті түзетулер енгізуге дайын.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депуататтары
М. Қазбекова
А. Перуашев
Е. Барлыбаев
Е. Никитинская
К. Абсатиров
Б. Дюсембинов
Д. Еспаева