"Бурабайда балықтар қырылды": Су сынамасы жүргізілді
2020 ж. 22 қыркүйек
1820
0

Әлеуметтік желілерде Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлінде балықтардың қырылғаны туралы ақпаратқа «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында жауап берді.
Әлеуметтік желілерде Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлінде балықтардың қырылғаны туралы хабарламаға байланысты, 2020 жылғы 14 қыркүйекте «Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы Бурабай көлінің 5 нүктесінде жерүсті суларының сынамаларына жоспардан тыс іріктеу және талдау жүргізді, - деп жазды ведомствода.
Талдау жүргізілген нүктелер:
1-нүкте: балықтардың қырылу орны;
2-нүкте: балықтардың қырылу орнынан оңға қарай 250 м;
3-нүкте: балықтардың қырылу орнынан оңға қарай 500 м;
4-нүкте: балықтардың қырылу орнынан солға қарай 250 м;
5-нүкте: балықтардың қырылу орнынан солға қарай 500 м.
Қазгидрометтің хабарлауынша, ОБТ5 бойынша суды талдау нәтижелері норма шегінде (2,22-5,67 мг/дм3) және ауыр металдар шоғырлануының асып кетуі анықталмаған.