Айдос Сарым: Тengrinews оқырманы миллион болса да, қоғамға Қазыбек Исаның мақаласындай ықпал ете алмайды
2020 ж. 17 қыркүйек
2217
1
Бүгін «Қазақ тілді интернет ресурстардың дамуының өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн сараптамалық кездесу өтті, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.
Жиынға Қазыбек Иса, Айдос Сарым секілді белгілі қоғам қайраткерлері мен еліміздегі бірнеше қазақ тілді интернет ресурстарының бас редакторлары қатысты.
Қатысушылар сайт редакцияларының өз аудиториясын зерттеу, оқырманға әдеби-сараптамалық контент ұсыну, қазақ тілді интернет сегментінің дамуы, билік пен қазақ қоғамының қатынасы секілді өзекті тақырыптарды көтерді.
Кездесу барысында сөз алған қоғам қайраткері, модератор Айдос Сарым мемлекеттік тіл туралы заңның қажеттілігін айта отырып, қазақ тілді сайттардың қоғамдағы үлкен рөліне баса назар аударды.
– Тengrinews.kz сайтының оқырманы миллион болса да, қазақ қоғамына Қазыбек Исаның мақаласындай ықпал ете алмайды, – деді Айдос Сарым.
Қазақ тілді интернет ресурстардың дамуы мәселелерін кеңінен қозғаған жиын өте тартымды да, тағылымды болды.
Толық ақпаратпен алда таныстыратын боламыз.