Сауда орталықтарындағы мейрамхана мен кафелердің жұмыс істеуіне рұқсат етілді
2020 ж. 17 қыркүйек
1201
0
Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес сауда үйлеріндегі қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етілді, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Бірақ бұл арада бөлек бөлмелерде орналасқан нысандар туралы айтылады. Фуд-корттар рұқсат етілгендер тізімі ішінде жоқ.
Сонымен, жаңа 45-тармақта: Сауда-ойын-сауық орталықтарында (жеке үй-жайларда) орналасқан, 50 орыннан аспайтын, ұжымды шаралар, басқосуларды өткізбеуді міндеттей отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызмет етуіне рұқсат беру.