АЛДАҒЫ САЙЛАУ ЦИКЛЫ: ЖАСТАР ЖАҢА ЖОБАЛАР ҰСЫНУДА
2020 ж. 15 қыркүйек
858
0
Саяси-әлеуметтік өзгерістерді легінің алдынғы толқынында жас буын тұрады. JacOtan жастар қанаты Елбасының тапсырмасымен «Жастар-Отанға!» бағдарламасын әзірлеген болатын. Онда әрбір өңір, қала және аудан бойынша жастардың негізгі проблемаларын шешуге қатысты нақты шаралар көрсетілген. Қазақстандық жастар аталған құжатпен танысып қана қоймай, сонымен қатар, өз ұсыныстарын жолдай алады.
Бұл бағдарлама жастарды ел дамыту жолында біріктіру және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама әр түрлі жастағы 1.5 млн. жастарды қамтуға бағытталған және әлеуметтік зерттеулер негізінде әзірленген. Және оны дайындау барысында 3 мыңнан астам ұсыныстар ескерілген. Қазір осы бағдарламаны іске асыру үшін әр облыста, қалада және ауданда Жол карталары әзірлеген. Алдымызда өткізілетін праймериз барысында жастар үгіт-насихат жұмыстарында осы жол карталарын пайдаланатын болады.
Пандемия жағдайында JacOtan-ның өз қоластына барлық волонтерларды қоғамда мұқтаж адамдарға көмек көрсетуде біріктіре алғанын айтып кету қажет. NurOtan партиясының жүргізіп отырған саясатты сабақтастығын қамтамасыз ететін күш ретінде белсенді жастар қозғалысы болып отырғанын мойындауымыз қажет. «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қалай жүзеге асады?
Бірінішіден, жоғарыда атап өткеніміздей, бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін Республикалық жол картасы және 216 аймақтық жол картасы әзірленген. Бұл карталарда кешенді шаралар және нақты индикаторлар көрсетілген.
Екіншіден, JacOtan жастар қанатының, NurOtan партиясының, Мәжілістегі партия фракцияларының және мәслихаттардың мүмкіндіктері барынша қолданбақшы.
Үшіншіден, министрілік мен әкімшіліктердің бағдарламарында жастардың мәселелері ескерілуіне нақты іс-шаралар мен индикаторлар қою арқылы қол жеткізбекші.
Төртіншіден, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордағы әріптестерге қазақстандық жастарды дамытуға арналған жобалар мен іс-шараларды ұсыну.
Жалпы алғанда 2025 жылға дейінгі бағдарлама тиісті дәреже жүзеге асуы үшін жастар қанатының мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарымен өзара тығыз байланысы қажет.
Жастар қанаты «Жастар-Отанға!» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикалық жол картасын әзірлеген. Осы картамен танысып қарап шыққанда «Азаматтық белсенділік» бағыты бойынша жергілікті мәслихатар мен қоғамдық кеңестерде жастардың үлесін 2025 жылға дейін 30 %-ға, волонтерлық қызметке қатысатын жастар үлесін 12 % жеткізу көзделген.
«Сапалы білім» бағыты бойынша мектеп оқушыларын 100 % кәсіби бағдарлау жұмысымен қамту, ғылыммен айналысатын жастардың үлесін 10 %-ға жоғарылату қарастырылған. «Тұлғалық даму мен демалыс» бағыты бойынша дене шынықтырумен айналысатын жастардың үлесін 30 %-ға дейін жеткізу сияқты үлкен міндеттер қойылған.
Өңірлік жол қарталарына шолу жасаған кезде бірқатар өңірлерге назар аудардық. Шымкент қаласы бойынша «Үздік жастар» сыйлығы арқылы 10 000 белсенді жасты қамту, 42 мектеп салу, жыл саын кем дегенде кәсіпкерлікке 4500 жасты оқыту және жұмысшы жастарға 2700 пәтер салу жоспарланған.
Жамбыл облысында «Әлиеата үміті» жастар сыйлығын ұйымдастыру, «Жамбыл жастары» платформасын құру, 1700 орындық 5 студенттік жатақхана салу көзделген.
Атырау облысында 70 спорт алаңын салу, жыл сайын 500 жасты ағылшын тіліне үйрету, Алматы қаласында Волонтерлар үйін салу, жыл сайын 1000 жасты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Шығыс Қазақстан облысында «Білікті маман» маман білім гранттарын санын 500-ге жеткізу, 58 аула клубтарын қаржыландыру сияқты көптеген жастар үшін аса маңызды жобалар қамтылған.
Президент Қ.К.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында сайлауға ұсынылатын партиялық тізімде жастар мен әйелдердің қатысыуының 30 %-дық міндетті квотасын енгізуді ұсынған болатын. Осыған байланысты "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына 2020 жылдың 25 мамырында енгізілген өзгерістерге сәйкес, сайлауда ұсынылатын партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 % құрауға тиіс. Осыған сәйкес, партиялық праймеризде үміткерлер қатарына осы топ өкілдерінің кеңірек қатысуын, әсіресе жастар үшін "әлеуметтік лифт" ретінде ұсынды. Сонымен, 17 – 28 тамыз аралығында праймеризге қатысу үшін 10 990 адам тіркелді. Олардың 36,9% - әйелдер, 29,6% – 35 жасқа дейінгі жастар.
Партия аймақтарда 216 сайлауалды бағдарламасын әзірлеп, primaries.kz ресурсына жүктеген. Бұл бағдарламалардың бірқатарымен танысып, қандай жастарға байланысты қандай мәселелер көтерілетіне талдау жасап көрдік. Партия аймақтар бойынша әзірленген сайлауалды бағдарламалары 7 басымдыққа назар аударады
ü экономикалық тұрақты аймақ,
ü жайлы аймақ,
ü әлеуметтік бағытталған аймақ,
ü жастар үшін арналған аймақ,
ü тарих пен мәдениетті дамыту,
ü ашық және есеп беретін жергілікті органдар,
ü қауіпсіз аймақ.
Аймақтар бойынша әзірлеген сайлауалды бағдарламары осы басымдықтарды ескеріп әзірленген. Мысалға, Қарағанды облысы бойынша дайындалған бағдарламада 2025 жылға дейін халықты 100% таза ауыз сумен
қамтамасыз ету, 42 денсаулық сақтау мекемесін салу, тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығын 73,6 жасқа жеткізу, жастар үшін жыл сайын 8000 білім беру гранттарын бөлу, 16 спорт құрылымдарын салу мен 30 волонтерлық жобаны іске асыру секілді көптеген маңызды жобаларды қамтиды .
Қарағанды қаласы бойынша әзірленген партиялық бағдарламаның ішінде «Жайлы қала» басымдығы бойынша 2025 жылға дейін 144 км. жолды салу мен жөндеуді, 18.5 мың пәтер салуды, 200 аулада балалар және спорт алаңдарын салуды жоспарлайды. «Жастар үшін арналған қала» басымдығы бойынша 10 мың жасты жұмысқа орналастыруды, жаңа орталықта Жастар Арбатын салуды жоспарлайды.
Балқаш қаласы бойынша бағдарламада 95 туристік нысанды салу, 2025 жылға дейін қаладағы жолдардың 95 %-ін жақсы деңгейге жеткізу, 150 км. жылу жүйелерін жаңғырту және 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету сияқты өте маңызды шаралар қарастырады https://static.primaries.kz/primaries/public/kar_obl/balhash_prez_ru.pdf .
Павлодар облысы бойынша әзірленген бағдарламада партия жыл сайын аймақта 9 мың жаңа жұмыс орнын, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын 60 мыңға дейін жеткізу, 50 мың ағаш түптерін отырғызу, 9 мың кезекте тұрған тұрғындарды үймен қамтамасыз ету, 78 қала мектептерін түпкілікті жөндеу, 15 мың жасты жұмысқа орналастыру және өте көптеген шаралар жоспарлайды.
Қостанай облысы бойынша 80 мың жаңа жұмыс орнын ашу, 42 инвестициялық жобаны іске асыру, 18 305 отбасын үймен қамту, инклюзивті білім беруді 100 %-ға қамту, 1500 жас маманды «Дипломмен ауылға» жобасымен қызметке тартуды және көптеген жоспарларды ұсынады.
Партия бұл бағдарламаларды дайындағанда аймақтың нақты проблемаларын ескеріп әзірлеген. Бағдарламарды бұрынғыдай жалпылап емес, нақты аймақ ауқымында әзірлеу аймақтардағы партиялық жұмыс басқа деңгейде қарай бастады деген сөз. Жетекші партия шынымен де үлкен жұмыс атқарғанын мойындау керек. Бұндай ауқымды және барлық аймақты жеке қамтитын жоба тұңғыш рет жүзеге асуда. Бұл бағдарламалар жүзеге асырылса аймақтардағы тұрғындардың жағдайын жақсартуға үлкен қадам болар еді.
Әрине, праймериз барысында әр кандидат жалпы бағдарламаға өзінің жоспарларын да енгізеді. Бәсекеге төтеп беретін бағдарлама ұсынып, өзінің мақсаттарына сендіре алған үміткерді партия мүшелері партиялық тізім қатарына қосады деп ойлаймын.
Primaries.kz сайтында праймеризге қатысуға ниет танытқан барлық 10 990 үміткер туралы мәлімет алуға болады. Олардың көпшілігі осы жерде сайлауалды бағдарламларына сілтеме жасаған екен.
Бірқатар жас үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларына шолу жасап көрдік. Мысалға Қарағанды қаласынын тіркелген үміткер Нұркелді Омарханов жастардың дамуына мүмкіндіктер жасау үшін гранттар санын арттыру арқылы жастардың кәсіпкерлігін қорғауға, қаланы «жасыл желекке» айналдыруға күш салатынын айтса, осы қала тұрғыны Аубакиров Нурлан жастарға оқу бітіргеннен кейін жұмыс орындарына квота енгізу және спорттық инфрақұрылымды жақсартуға жұмыс істемекші.
Елдос Жұмағұлов,
Саясаттанушы