Тағы бір орынбасар тағайындалды

        Бұған дейін Шыңғыс Мұқан және Айбек Сәттібаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына ие болса, енді әкімнің тағы бір жаңа орынбасары тағайындалды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес, бұл қызметті Маулен  Айманбетов атқаратын болды. Маулен Зарлықұлы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-автомобиль жолдарының құрылысшысы, агроном, экономист және іскерлік әкімшілендіру магистрі.Қызметтік жолын 1990 жылы «Алматы қала құрылысы» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау басқармасының шебері болудан бастаған. 2006-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына ведомстволық қарасты ұйымдарда түрлі лауазымда жұмыс істеген. 2008-2013 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары болған. 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» ММ күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген. З.Қабиоллаұлы qazaquni.kz