Абай өлеңін оқыған әкімшілік қызметкерлеріне айппұл салынды
2020 ж. 10 қыркүйек
1376
0
Өскемен қалалық әкімдігінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Altaynews порталының хабарлауына қарағанда, қала әкімінің орынбасары мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына айыппұл салынды.
Естеріңізде болса, тамыз айының басында Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкерлері Абай күніне орай ұлы ақынның өлеңін оқыған еді.
Қала әкімі Жақсылық Омар бастаған әкімдік қызметкерлері Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып, видео-эстафетаны Қостанай қалалық әкімдігіне жолдады.
Мәселенің бәрі сол бейнежазбада болып тұр.
Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын департаментінің ақпараты бойынша, оннан астам адам қатысқан видео-эстафета шектеу шаралары кезінде түсірілген екен. Эстафетаға қатысушылар маскалық режим мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтағанмен, әкімнің орынбасары мен бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.