ДДCҰ адамзатты тағы бір пандемияға дайындалуға шақырды
2020 ж. 08 қыркүйек
1109
0
Әлем коронавирус жағдайынан сабақ алып, жаңа пандемияға дайындалуы керек. Бұл туралы дүйсенбіде Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейюс мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге індет пен пандемия өмірдің бір бөлігі екенін үйретті. Бірақ келесі пандемия келгенде, барлық мемлекеттер оған қазіргі коронавирус пандемиясына қарағанда әлдеқайда дайын болуы керек", - деді ДДСҰ басшысы.
Ол қоғамдық денсаулық сақтау әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықтың негізі болып табылатынын атап өтті.
"Бұл аурудың алдын алуға, анықтауға және онымен күресуге бағытталған халыққа қызмет көрсетуге инвестиция салуды білдіреді", - деді Гебрейюс.
ДДСҰ бас директорының айтуынша, әлем қазіргі пандемиядан сабақ алуы керек. Оң динамиканы көрсететін көптеген елдер бұған қол жеткізді, өйткені олар SARS, Таяу шығыс респираторлық синдромы, қызылша, полиомиелит, эбола, тұмау және басқа да аурулардан кейін дайындалған.