Ғалымжан ІЛЯСОВ: Жемқорлықпен бүкіл қоғам күресуі қажет
2020 ж. 22 қазан
1282
0
– Құрметті Ғалымжан Молдабайұлы! Мемлекет басшысы Қ-Ж.К.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық салалары бойынша қатаң қоғамдық бақылау жүргізілуі тиіс» – деді. Осыған орай, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі ретінде сіздің пікірлеріңізді білсек. Жалпы, сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және оның негізгі ұғымдары мен белгілері қандай?
– Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық деп, – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуы.
Оның негізгі ұғымдары мен белгілері – Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар.
– Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін атап бере аласыз ба?
– Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне баратын азаматтардың – сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасының, құқықтық мәдениеті деңгейінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ахуалды қалыптастыруға деген патриоттық сезімінің төмендігі деп ойлаймын.
– Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия не үшін қабылданды деп ойлайсыз?
– Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы – сыбайлас жемқорлықпен күрестегі мемлекеттің ұстанымын білдіретін және мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын айқындайтын, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау мен алдын алу мақсатында қабылданған стратегиялық құжат болып табылады.
– Өз қызметіңізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай іс-әрекеттерді жүзеге асырдыңыз?
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – Еңбекші ауданы әкімі аппаратында жыл сайын іс-шаралар жоспары бекітіліп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерді болдырмау мен алдын алу мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы департаменті, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі өкілдерін шақырта отырып, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында және аудан аумағындағы білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, құқықтық сабақтар тұрақты өткізіліп келеді.
Сонымен қатар, Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аудан әкімі аппараты қызметшілері назарына дер кезінде жеткізіліп, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты заңмен көзделген жауапкершіліктер туралы тұрақты ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы айтылған сөздеріне тағы не қосарыңыз бар?
– Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте, жемқорлыққа қарсы күрестегі басым бес бағытты атап, қазіргі қоғамдағы орын алып жатқан өзекті мәселелерді толық қамтыды. Сондықтан, мемлекет басшысының айтқандарын қоғам болып орындауымыз қажет.
– Қанша күш жұмылдырсақ та, біз неге сыбайлас жемқорлықты жеңе алмай келеміз?
– Жоғарыда айтқандай, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне баратын азаматтардың – сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасының, құқықтық мәдениеті деңгейінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ахуалды қалыптастыруға деген патриоттық сезімінің төмендігі деп есептеймін.
– Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою үшін қандай шараларды қолға алып, іске асыру керек?
– Жемқорлық әрекеттерге байланысты Қазақстан Республикасы Заңдарымен жауапкершіліктер қарастырылған және жемқорлықты болдырмау мен алдын алу мақсатында түрлі шаралар қабылдануда. Ендігі кезде, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бағытында, жемқорлық әрекеттерге қарсы қоғам мүшелерінің тұтас белсенділігі қажет.
– Тұрмыстық жемқорлықтың белең алып кетуінің басты себептері не?
– Тұрмыстық жемқорлық фактісінде кем дегенде екі тарап болса, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, пара алушымен қатар пара берушінің де жауапкершілігі қарастырылған. Сондықтан жоғарыда айтқандай, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне баратын азаматтардың – сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасының, құқықтық мәдениеті деңгейінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ахуалды қалыптастыруға деген патриоттық сезімінің төмендігі деп ойлаймын.
– Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қандай қылмыстар жатады?
– Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына – ҚР Қылмыстық кодексінің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450, 451 (екінші бөлігінің 2) тармағында) және 452-баптарында көзделген іс-әрекеттер жатады.
– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін не істеуіміз керек, қандай жолдары бар?
– Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясының, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жүзеге асуын ары қарай тұрақты жалғастыруымыз, кеңінен насихаттауымыз, отбасылық құндылықтарды арттыруға, жастар тәрбиесіне үлкен мән беруіміз қажет деп ойлаймын.
– Сіз басқаратын ұжымда сыбайлас жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр?
– Жоғарыда айтқандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Еңбекші ауданы әкімі аппаратында жыл сайын іс-шаралар жоспары бекітіліп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерді болдырмау мен алдын алу мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы департаменті, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі өкілдерін шақырта отырып, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында және аудан аумағындағы білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, құқықтық сабақтар тұрақты өткізіліп келеді.
Сонымен қатар, Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аудан әкімі аппараты қызметшілері назарына дер кезінде жеткізіліп, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты заңмен көзделген жауапкершіліктер туралы тұрақты ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Аудан әкімі аппаратының ғимаратында баршаға көрінетіндей етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар ілінген, ғимараттың бірінші қабатында тұрғындардың өтініштерін қабылдауға арналған «ашық әкімдік» кабинеті жұмыс істейді.
– Егер қарамағыңыздағы қызметкер сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болса, сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
– ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 43-бабының 4 тармағына және 60-бабының 3 тармағына сәйкес, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшысының жауапкершілігі қарастырылған.
– Ал, егер тікелей басшыңыз сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болса, не істер едіңіз?
– Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, тікелей басшысының сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты, бағынысты қызметкерінің қандай да бір қатысы болған жағдайда жауапкершілікке тартылады, ал тікелей басшысының сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне, бағынысты қызметкерінің қатысы болмаса заңға сәйкес қандай да бір жауапкершіліктер қарастырылмаған.
– «Қызметке орналасу үшін бірдеңе беру керек» дегенді қалай түсіндіресіз?
– Кез-келген жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, өзіндік талаптары қамтылған. Азаматтар мемлекеттік қызметке орналасу үшін ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, конкурс тәсілімен қабылданады. Республика Президентінің тапсырмасымен мемлекеттік қызметшілер санын кезең-кезеңмен қысқарту тапсырылған. Мемлекеттік қызметшілер саны қысқаратындықтан, қызметшілерге артылған жауапкершілік артады. Сондықтан, конкурс арқылы қызметші қабылдауда жауапкершілігі жоғары қызметкерлерді таңдау міндеті туындайды. Ал, «Қызметке орналасу үшін бірдеңе беру керек» дегеніміз заңда көзделмеген әрекеттерді талап ету және ол заңды бұзушылық болып саналады.
-Өз өміріңізде біреуге пара беріп, біреуден пара алып көрдіңіз бе?
– Пара деген ұғымға қарсымын. Пара беру, пара алу – Заңмен тиым салынған іс-әрекеттер, ал заңды орындау баршамыздың міндетіміз.
– Сыбайлас жемқорлықпен күрес сәтті болу үшін біздің заманымызда көзделген жауапкершілік жеткілікті ме?
– Қазақстан Республикасы – дамушы мемлекет және оның заңдары да әлемдегі озық елдердің заңдарына сәйкестендіріліп қабылданады. Мемлекет басшысы Қ-Ж.К.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте, жемқорлық әрекеттерге байланысты сотталғандардың мерзімінен бұрын босап шығу фактілеріне жол бермеу қажеттігін ескертті. Бұл өз кезегінде мемлекетіміздің жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы алға жылжып келе жатқандығын және сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі екенін көрсетеді.
Сұхбат жүрізген
Әсет Әссанди,
Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторингтік топ жетекшісі,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
qazaquni.kz