Яндекс такси жүргізушісі мүгедек баланы алмай кеткен
2020 ж. 27 тамыз
1651
0
- Бүгін 2020 жылғы 25 тамызда мүмкіндігі шектеулі баламмен Сарыарқа даңғылы, 13 мекен-жайына барамын деп Яндекс таксиді шақырған едім, таксистке бізде мүгедек арбасы бар екенін алдын ала ескертіп, «бізді алып кете аласыз ба?» - деп хабарласқан едім, жүргізуші көлігінің біздің мүгедек арбаны салуға жарамайтындығын айтты. Мен жүргізушіге тапсырыстан бас тартуын өтіндім, онда мен жаңа тапсырыс беремін деп айттым. Жүргізуші тапсырыстан бас тартпай: - 10 минут күтіп тұрамын, 10 минуттан кейін сіздің шотыңыздан ақша алынғаннан кейін ғана кетемін - деп жауап берді, менде төлем картамен тұр, ол өзі айтқандай 10 минут күтіп, картамнан ақша алынғанан кейін бірақ кетті, жүргізуші онымен қоймай маған сес көрсетіп, неше түрлі сұмпайылық, арам, жиіркенішті нәрселерді жазып қорқытып отыр. Яндекс такси жүргізушілерімен осындай сұмдық жағдай бірнеше рет қайталанып жатыр. Яндекс такси сіздер мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын әбден аяққа таптадыңдар! Қалай ұяттарың жоқ! Мен бұл жағдайды еді жай қалдырмаймын, сіздерді сотқа беремін! – дейді мүмкіндігі шектеулі баланың анасы Аида Колпакова.
- Осы Яндекс таксидің кейбір жүргізушілерінен талай дөрекілік көрген едім - деп Әсел сөзін бастады. Мүгедек баламмен түнгі 3.00-те әуежайға баруым керек еді. Алматыға емге ұшайын деп жатқанбыз. Яндекс таксиге тапсырыс беріп қойдым, жүргізуші тапсырысты қабылдады 5 минутта келеді деп хабарлама келе қойды, баламды мүгедек арбаға салып, лифтімен астына түсе қойдым, бір қолымда дәу чемодан. Қарасам 10 минут өте шығыпты жүргізуші әлі жоқ, далада болса жаңбыр құйып тұр. Яндекс қосымшасы жүргізушіні әне келеді міне келеді деп маршрутын көрсетіп қояды, жүргізуші жоқ, хабарлассам: - мен сізді мүгедек арбаңызбен ала алмаймын – деп жауап берді, мен одан: - неге алдын ала айтпадыңыз? - деп сұрадым. Мен мүгедек арбасы және чемодан болатының жазып қойып едім ғой - дедім. Жүргізуші маған өзіңіз тапсырыстан бас тартыңыз деді. Келесі жүргізуші де сүйтті, ең бастысы тапсырысты қабылдап алады да, келмейтінін хабарлап та айтпайды екен. Сол күні 5 шақты жүргізуші осылай бізден бас тартты. Қанша уақытымды, жүйке жүйемді құрттым. Жалпы менде де Яндекс таксимен бұндай жағдай үнемі қайталанып тұрады. Бұл таксидің қосымшасы ыңғайлы және де көлікті тез тауып береді сол себептен осы қосымшаны пайдаланып жүреміз, бірақ осындай жағдайдан кейін әбден көңілін қалып кетеді... деп Әсел сөзін аяқтады.
Өкінішке орай Қазақстанның такси қызметтерінің сервисі ішінді ауыртады, осы мәселені қолға алып, арнайы органдар неге қадағаламайды екен???
Қымбат Керейбай,
Қазақ үні