ШЕТЕЛДІК ӘЙГІЛІ БАЛАЛАР АРНАЛАРЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ

1
1012

Жақсы жаңалық! «Nickelodeon» балалар мен жасөспірімдер телеарнасы, TiJi балалар телеарнасы және Дисней арнасы қазақ тілінде ақпарат таратады. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Президент телерадиосы кешенінің ютуб арнасындағы «Балаеваға 3 сұрақ» хабарында айтты.

Бұл – балалардың тілін қазақшаға бейім ету үшін шетелдік белгілі аннимациялық арналарды қазақшалау мәселесі Ұлттық кеңестің бірінші отырысында және Ақпарат министрі Балаеваның Алматыда Бас редакторлармен өткен алғашқы кездесуіндегі ұсынысымыз болғандықтан қатты қуанып қалдық. Ақпарат министрінің ұлттық мүддені қорғау жолындағы ұсыныстарды іске асыра бастаған нәтижелі істерінің алғашқы құтты қадамдары деп білеміз. Жеңілтек даңғаза ойын-сауық хабарлары мен шетел сериалдары да 30 пайызға қысқаратыны да жақсы жаңалық!

Игі бастамалардың тезірек іске асуын күтеміз!

Қазыбек ИСА,

 «Қазақ үні»

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз