Ганире Пашаева: "Қазақ үні" - түркі мемлекеттері арасында көп оқылатын сүйікті басылым

Әзербайжан Республикасы Ұлттық мәжілісінің Мәдениет комитеті төрайымы Ганире Пашаева "Қазақ үні" газетінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

***

«Қазақ үні» газетінің құрылтайшысы,

 ақын-публицист, Халықаралық «Алаш» және Сергей Есенин атындағы сыйлықтардың лауреаты құрметті Қазыбек Исаға

Қадірлі Қазыбек Иса!

Сізді бауырлас Қазақстанның зиялы қауым өкілі, құдіретті қалам иесі ретінде өзіңіз негізін қалаған «Қазақ үні» газетінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын және шығармашылық шабыт тілеймін!

Сіздің газетіңіз және сайтыңыз тек қана Қазақстанда ғана емес, мұнда біздің – Әзербайжанда сонымен қатар, түркі мемлекеттері мен туысқан халықтар арасында көп оқылатын сүйікті басылым. Газетініңіз бен сайтыңыз – түркі әлемінің интеграциясы,  қоғамдық пікірлердің дұрыс қалыптасуы үшін ерекше қызмет көрсетіп отыр.

Сіздің қазақ халқының құндылықтарымен ұлттық мүдделерін қорғауда атқарып жүрген қайраткерлігіңіз құрметке лайық. Туысқан қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық қасиеттерін, оның ішінде қазақ тілін қорғау жолындағы қайраткерлігіңізге мұқалмас мықтылық тілеймін.

Тағы да құттықтаймын, сәттілік серігіңіз болсын!

Құрметпен,

Әзербайжан Республикасы Ұлттық мәжілісінің Мәдениет комитеті төрайымы

Ганире Пашаева