Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды

0
2358

Түнде Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елбасы жиенінің қайтыс болу себебі анықталып жатыр. Айсұлтан Назарбаев 30 жаста еді. Алдын ала болжам бойынша жүрегі тоқтап қалған.

Айта кетсек, Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе «президенттің сүйікті жиені» деп атайды.

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Бала кезден футболға қызығады. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысады. «Челси» және «Портсмут» жастар командалары мен қазақстандық «Астана» командасында ойнаған.

2013 жылы «ҚазРомГаз» АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызына үйленген болатын. 2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді.

2019 жылдың сәуір айында Айсұлтан Назарбаев фейсбуктегі жеке парақшасында аты-жөнін Айсұлтан Рахат (Aisultan Rakhat) деп, ал отбасылық жағдайын «ажырасқан» деп өзгерткен.

Ондағы мәліметке сүйенсек, тұңғыш президенттің жиені 2019 жылдың 5 ақпанында ажырасқан.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз