Ержан Бабақұмаров: «Қазақ үнінің» 20 жылдығы – ақпарат саласының ортақ мерекесі
2020 ж. 14 тамыз
1387
0

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров "Қазақ үні" газетінің 20 жылдық мерейтойымен редакция ұжымын құттықтады.
***
Құрметті «Қазақ үні» газетінің ұжымы!
Ұшқыр қаламдарыңыз арқылы еліміздің сара саясатын халыққа жеткізуде және Алматы қаласының қоғамдық-саяси тыныс-тіршілігінің өзіндік кескін-келбетін қалыптастыруда кәсіби шеберлік танытып келесіздер.
«Қазақ үні» газетінің 20 жылдығы – бір басылымның ғана емес, ақпарат саласының ортақ мерекесі.
Ел үшін маңызы зор газет шығару қамында жүрген редакцияның бүгінгі ұжымына шалқар шабыт, шадыман шаттық тілеймін!
Мерейтойларыңыз құт-берекелі болсын!
Ізгі тілекпен,
Алматы қаласының
әкімінің орынбасары
Е. Бабақұмаров