"Қазақ үні" халық сүйіп оқитын басылымға айналды - Ұлықбек Есдәулет
2020 ж. 12 тамыз
2062
0
ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет "Қазақ үні" газетінің 20 жылдық мерейтойымен редакция ұжымын құттықтады.
Өз құттықтауында ол жиырма жылдың ішінде бар қазақтың үніне айналған газеттің жұмысына жоғары баға беріп, шындықты ту еткен журналистердің біліктілігін атап өтті.
- Құрметті Қазыбек Жарылқасынұлы! Құрметті «Қазақ үні» газетінің ұжымы!
Қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар, өзіндік бағыт-бағдар мен стиль қалыптастырған басылым – «Қазақ үні» газетінің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! «Жас қазақ үні» деген атаумен танылып, жиырма жылдың ішінде бар қазақ үніне айналған қоғамдық-саяси ұлттық апталық әділдік пен адалдықты ту етіп, әрқашан шындық пен ақиқатты мақсат тұтуының арқасында халық сүйіп оқитын басылымға айналды. Мұның бәрі қаншама адамның тынымсыз еңбек, үздіксіз ізденіс пен ұлт мүддесіне қызмет жасаймыз деген ортақ ұстанымдарының нәтижесі. Елдегі жаңалықтар, тіл, тарих пен ұлттық мәселелерді тереңнен қозғауға, ұлттық мәдениетті жандандыруға және халықаралық саясатқа тереңнен көз жүгіртуге бағытталған басылымның алар асулары әлі алда деп білеміз. Газеттің қазақ әдебиетіне де зор көңіл бөлетіні көңілге қуаныш ұялатады. «Қазақ үні» газетінің ұжымына шығармашылық толағай табыстар тілеймін! Басылымның ғұмыры ұзақ болсын! - делінген құттықтауда.